Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

 Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінің шешімімен жарияланған Бастауыш кәсіподақтар ұйымы жылы аясында өткізілетін «… бұл да Кәсіподақ!»  бейне акциясын бастаймыз.

Қатысушылар

Қостанай облысы білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподағы және де біздің Кәсіподақтың жекелеген мүшелері

Шарты

Бейне акциясына қатысу үшін а.ж. 13 сәуірінен бастап 1 қазанға дейін lprofedu@mail.ru немесе 87777843687 WhatsApp нөміріне «бейне акция» белгісімен белгілі бір кәсіподақ ісі, оқиғалары, жетістіктері туралы айтылатын бейне ролик (орыс немесе қазақ тілінде), сонымен қатар қысқаша ілеспе ақпарат жіберілуі қажет.

Кәсіподақтың бір мүшелік ұйымынан/мүшесінен бейнероликтер саны шектелмейді. Күн сайын жіберуге болады)

Маңызды

Бейне роликтің максималды ұзақтығы  – 50 секунд.

Ұсынылған бейнероликтер Кәсіподақтың ресми аккаунттарында, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде хештегтармен орналастырылатын болады.

Жеңімпаздар (үшеуі болады) аудиторияны тартудың негізгі компоненттерінің жалпы қосындысы бойынша анықталады: комментарийлер, «ұнайды» белгісі, репосттар, сақталулар саны.

Мониторинг әр аккаунт бойынша өткізіледі, қорытынды балдар  шығарылады.

Жеңімпаздарды  грамоталармен және сыйлықтар күтеді.

Әлемге кәсіподақтың нақты істері туралы айтып қана қоймай, сыйлық алу мүмкіндігін де жіберіп алмаңыздар!

Асыға күтеміз !!!