Мақсаттылық, нақты нәтижелер – бұл жаңартылған кәсіподақ саясатының негізгі принціптері. Соның ішінде санаторлық-курорттық емделу мәселелерін біздің жергілікті кәсіподақ ауру түрлерін ескере отырып ұйымдастырады.
Дәл осындай нақты тәсіл максималды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ал кәсіподақ мүшелерінің сапалы түрде қалпына келу қажеттілігі шынымен де бар.
Біздің мониторинг көрсеткендей, өңірдегі білім беру ұйымдарының 6,5 мыңға жуық қызметкері, бұл біздің кәсіподақ мүшелерінің әрбір бесінші мүшесі, түрлі созылмалы ауруларға шалдыққан.
Осыған байланысты еліміздің санаторлық-курорттық аймақтарының ресурстық әлеуеті зерделеніп, аурулардың түрлері бойынша сауықтырудың ең жақсы нұсқалары анықталды.
«Қазақстан» санаторийі (Алматы қаласы) минералды су көзімен танымал, ал оның қала ішінде ыңғайлы орналасуы оңтүстік астананың барлық сұлулығын көруге мүмкіндік береді. Ол тірек-қимыл аппаратын, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесін, т.б. оңалтуға мамандандырылған. Сондай-ақ балаларға арналған бірқатар ем-шаралар мен ойын-сауықтар қарастырылған.
«Мерке» санаторийі Жамбыл облысының ерекше климаты мен ландшафты бар көркем бұрышында орналасқан. Ол тыныс алу жүйесіне, омыртқа мен буындардың жұмысына жақсы әсер ететін радон және скипидарлы ванналарымен танымал.
Және де, біздің «Сосновый бор» және «Жайлау» өңірлік шипажайлары, сауықтыру қызметтерінің біртұтас спектрін ұсынады.
Ағымдағы жылдың үш айында облыстың 189 білім қызметкері аталған санаторийлерде кәсіподақтың жеңілдікті жолдамалары бойынша санаторий-курорттық емделулерден өтті, бұл 2020 жылы санаторлық-курорттық оңалтумен қамтудың жалпы көлемінің 70%-ын құрайды. (2020 жылы – 263 адам).
Соның ішінде мына сырқаттар бойынша сауықтырылғандар:
Жүрек-қан тамырлары – 48 кәсіподақ мүшесі;
тыныс алу жүйесі – 42;
тірек-қимыл аппараты – 41;
ас-қорыту органдары – 38;
эндокриндік жүйе – 10;
онкология – 2;
басқалар – 8.
Және демалушылардың емделу мен демалу туралы жақсы пікір білдірулері қуантады.
Мысалы, Қостанай ауданының мұғалімі Бақыткүл Тосмағамбетованың айтуынша, кәсіподақ жолдамасының арқасында өз өмірінде алғаш рет өңірден тыс жерге шығып, «Қазақстан» санаторийінде денсаулығын қалпына келтірген, «өте жақсы шипажай, қызметкерлері өте мейірімді, тамаша дәмді тағамдар және де ең бастысы, емдеудің сапалы және әр түрлілігі!» -деп өз әсерін білдірді.
Әрине, кәсіподақтың барлық мұқтаж мүшелерін бірден санаторий-курорттық сауықтырумен қамтамасыз ету мүмкін емес. Ең бастысы, жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанында және осылайша бұл мәселе де шешуін табады.