а.ж. сәуір айының басында облыстың білім беру ұйымдарында қызмет ететін келісу комиссиясының мүшелеріне арналған ТЕГІН курстар басталды.
Курстың бастамашысы және ұйымдастырушысы Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының аппараты.
Ұсынылған курстар мазмұнды.
Алғашқы онкүндікте тыңдаушылар үшін online форматтағы теориялық сабақтар жүргізіліп, «сұрақ-жауап» дискуссия алаңы ұйымдастырылды, өздігінен дайындалуға тапсармалар берілді.
«Тәжірибе мен білімді бақылау» блогы онлайн режимінде ұйымдастырылған.
Келісу комиссиясының мүшелері еңбек дауларын шешу бойынша ситуациялық тапсырмаларды шешті, тест сұрақтарына жауап берді.
Ол оңай болған жоқ:))
Алғашқы отыз курс тыңдаушыларына сертификат берілді!
Біз келісу комиссиясының сертификатталған мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз және алған білімдерін іс жүзінде табысты қолдануларына тілектеспіз!
Тыңдаушылардың пікірлерінен: «Семинар өте қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Бізбен бірге ауқымды сапалы жұмыс жүргізгені үшін Жергілікті кәсіподаққа үлкен алғысымызды білдіреміз».
Құрметті әріптестер, пікірлеріңіз үшін рахмет!
Және де курсты ұйымдастырғаны және мазмұнды өткізгені үшін Жергілікті кәсіподақтың қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Нина Владимировна Сувороваға да алғыс білдіреміз!
PS: Осы курс аясында 300-ге жуық келісу комиссиясының мүшелері оқытылады, қалған барлығын кезең-кезеңмен оқыту жоспарланып отыр, бұл 4,2 мыңнан астам адамды құрайды.