Осы ұранмен Рудный қаласының №4 мектепте құрылған әлеуметтік әріптестік моделі сипатталған, біз бұл туралы айта отырып «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» басылымдар сериясын жалғастырамыз.
Мектептің еңбек ұжымы айтарлықтай үлкен: 132 қызметкер, оның ішінде 129 қызметкер немесе 98% кәсіподақ мүшелері.
Бұл ретте, кәсіподақ мүшелігімен қамту жылдан жылға артып келеді.
Және де оған жақсы себептер бар.
Жайлы еңбек жағдайлары және кәсіби даму мүмкіндігі, қолайлы психологиялық ахуал, әрбір мектеп қызметкеріне құрмет пен қамқорлық көрсету, кәсіподақтың іс жүзіндегі қолдауы.
Жақсы мысал – сабақ кестесін құрастыруда нақты және ойластырылып алынған ыңғай. Осы жазбаны оқып отырған мұғалім оңтайлы жұмыс жасау үшін сабақтың жақсы жасалған кестесінің қаншалықты маңызды екеніне келіседі, ал әкімшілік оның қандай қажырлы еңбек екенін біледі.
Сонымен қатар, №4 мектеп-лицейде кесте жасау кезінде барлық өтініштер мен тілектер ескеріледі: мейлінше аз «окнолар», екі ауысымдық мектеп режимінде бір ауысымда жүктеме, кішкентай балалары немесе мүгедек балалары бар мұғалімдерге ерекше ыңғай.
Және де, жұмыс берушінің өңірлік келісіммен және ұжымдық шартта белгіленген барлық актілері қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып қана шығарылады.
Даулы мәселелер де бар, бірақ әкімшіліктің (кәсіподақтың барлық бастамаларын қолдайтын мектеп директоры Ирина Кобалияның) және кәсіподақ комитетінің (төрайым – Ирина Волкованың) тамаша тандемінің арқасында олардың барлығы алқалы және конструктивті түрде шешілетіні сөзсіз. «Құжаттармен танысып, құқықтық нормаларға сәйкес және еңбек адамының игілігі үшін ең жақсы шешім қабылдаймыз».
Ұжымның тұрақты дамуы туралы кез келген шешендік сөздерден гөрі, осындай қызықты фактілер куәландырады:
әрбір төртінші мұғалім – осы мектептің түлегі;
№4 мектеп-лицейдің еңбек кітапшасында бір ғана жазбасы бар қызметкерлер қатары баршылық.
Мұндай көрсеткіштермен кез-келген ұжым мақтана алмайды. Келісесіз бе?
Осы мектепте кәсіподақ төрайым болып 11 жыл қызмет атқарып келе жатқан кәсіподақ көшбасшысы Ирина Волкованың еңбегі екені сөзсіз, ол ерікті түрде негізгі жұмыстан үзілмей жұмыс істейді.
Әрі қарай
Кәсіподақтың әрбір мүшесінің проблемаларына сезімталдық танытады, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде принципиалды және мұқият қарайды. Ол ұжымның жоғары сенімін ақтайды.
Кәсіподақ белсенділеріне осындай күрделі, бірақ қоғам үшін өте маңызды жұмыстары үшін шынайы алғыс білдіреміз. Ал мектеп ұжымына одан әрі тұрақты өсуді тілейміз!