Біздің кәсіподақ бірлестігі жанынан әлеуметтік және қайырымдылық көмек қоры құрылды, оның қатысушылары – білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподағы.
Қор жұмыс істеп жатыр!
Қарасу ауданы мектебінің қызметкерлері-кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетілді.
Риза болған қызметкерлер кәсіподақтың барлық бастауыш ұйымдарына – Қорға қатысушыларға хат жолдады
Мәтін сөзбе –сөз келтірілген
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ әлеуметтік және қайырымдылық көмек қорына, оның атынан Қордың барлық қатысушыларына-облыстық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына, көктемгі су тасқынынан шаруашылыққа келтірілген зиянға байланысты Қарасу ауданының Қарамырза жалпы орта білім беру мектебінің 11 қызметкерлеріне – кәсіподақ мүшелеріне материалдық қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Жергілікті кәсіподақтың Қор құру туралы бастамасы өте уақытылы және қажетті екенін атап өткіміз келеді, өйткені ол қиын өмірлік жағдайға тап болған кәсіподақ мүшелеріне жедел материалдық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Қордың әрі қарай өркендеуін тілейміз!»
Жылы лебіздеріңіз үшін көп рахмет! Сіздердің үйлеріңізде бейбітшілік, амандық болып, бақытқа толы болсын деп тілейміз!