Алқалық, бірлік және практикалық ынтымақтастық – кәсіподақ бірлестігінің негізгі қағидаттары болып табылады.
Тиiсiнше, неғұрлым маңызды мәселелер бойынша шешiмдер сайланбалы органдар механизмі арқылы қабылданады, олардың бiрi – облыстық кәсiподақ комитетi болып табылады. Біздің кәсіподақ бірлестігінің кәсіподақ комитеті құрамы беделді, оның ішінде филиалдар мен бастауыш кәсіподақтардың тәжірибелі төрағалары, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының ардагерлері де бар.
Бүгін Кәсіподақ комитетінің кезекті отырысы өтіп, онда әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, кәсіподақ мүшелері мен олардың балалары арасында сауықтыру науқанының барысы, сондай-ақ «Ұжымдық шартты жаса» акциясының қорытындылары қаралды.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша қаулы қабылданды.