Кәсіподақ жұмысының басым бағыттарының бірі – кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын сауықтыруды ұйымдастыру болып табылады.
Бұл бағытта біздің кәсіподақ бірлестігі сенімді түрде алға жылжып келеді.
Тек биылғы жылдың өзінде 600-ге жуық қызметкер жеңілдетілген кәсіподақ жолдамасы бойынша санаторлық-курорттық ем алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. Келер жылға біз кәсіподақтың кем дегенде 1 мың мүшесін сауықтыруға міндет қойдық. Қазірдің өзінде еліміздің жетекші кәсіподақ сауықтыру курорттарымен келісім-шарттар жасалуда.
Әрине, жұмыста табысқа барлық ұжымның нақты және үйлесімді жұмысы мен әр қызметкердің кәсібилігі жағдайында қол жеткізуге болады.
Біздің кәсіподақ бірлестігінде денсаулықты жақсарту мәселелеріне Майра Наванқызы Адамбаева жетекшілік етеді. Майра Наванқызы тек өте сауатты маман ғана емес, сонымен қатар тамаша, қамқор, жанашыр, шынайы адам.
Майра Наванқызының адал еңбегі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Алғыс хатымен атап өтілді.
Құрметті Майра Наванқызы, Қостанай облысы білім және ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұжымы Сізді лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтап, сізге зор денсаулық, бақ-береке, барлық бастамаларыңызға табыс және бар жақсылықтарды тілейді!
Еңбегіңізге рахмет!