Кәсіподақ комитеті мен облыстық білім беру қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің бірлескен отырысында 2021 жылға арналған кәсіподақ жұмысының қорытындысы шығарылды.
Күн тәртібіне Жергілікті кәсіподақтың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, кәсіподақ белсенділері мектебінің жұмыс нәтижелері, кәсіподақ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, білім беру қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің жұмыс нәтижелері туралы мәселелері енгізілді.
Сондай-ақ, Кәсіподақ комитетінің отырысында 2021 жылдың қорытындылары бойынша көпшілік алдындағы баяндамасы бекітілді, Сіздер, құрметті біздің кәсіподақ мүшелері, жақын арада «Учительская плюс» облыстық апталық газеті беттерінде осы баяндамамен таныса аласыздар.
Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қаулылар қабылданды.
Іс-шара соңында Арқалық қаласы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Алмас Болатұлы Бекинге Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының жоғары наградасы, «Еңбек озаты» медалі табысталды.
Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ұжымы Алмас Болатұлын лайықты марапатпен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және тұрақтылық тілейді.