2021 жылдың қорытындысы бойынша көпшілік алдындағы есеп

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының даму үрдістері мен болашағы

 2021 жылы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызмекерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ қызметі (бұдан әрі – Жергілікті кәсіподақ) Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының нысаналы стратегиялық бағдарламаларына және кәсіподақтың жарғылық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылды.

ҚР КФ 2021 жыл Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы  ретінде жариялануына байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының   ұстанымдарын нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Кәсіподақ қозғалысы

Жергілікті кәсіподақ – Қостанай облысының ең ірі ұйымдардың бірі-2021 жылдың қорытындысы бойынша 21  филиал, жалпы саны 34 мыңнан    асатын 718 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіреді. Сонымен қатар,  2020  жылмен салыстырғанда желі көрсеткіштері мен мүшелік ұйымдардың контингенті артты.

Ағымдағы жылы Жергілікті кәсіподақ құрылымында жаңа бөлімшелер ашылды: бұл облыстық деңгейдегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының  филиалы, сондай-ақ, жалпы саны 1200 кәсіподақ мүшесі бар аудандық білім берудің 21 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіретін Амангелді филиалы. Осылайша, бүгінгі таңда облыстың барлық қалалары мен аудандарында біздің кәсіподақ бірлестігінің филиалдары жұмыс істейді.

Сонымен қатар, белгілі бір бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Жергілікті кәсіподақ құрамынан шығу фактілері де бар. Бұл Қостанай политехникалық жоғары колледжінің БКҰ, Қостанай қаласындағы № 8 бөбекжай бақшасы  және № 30 мектебі. Біз әрбір қызметкердің кәсіподаққа өз еркімен кіру немесе одан шығу құқығын құрметтейміз, дегенмен бұл ұйымдардың қызметкерлерін біреудің ұстанымы бойынша  жаңылыстыруға жол беріліп отыр деп  есептейміз.

  1. Біздің облыстың білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелген және тиісінше оның жұмыс істеуі үшін барлық заңды өкілеттіктерге ие   жалғыз жарамды келісім – облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ ұйымы арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім болып табылады. Демек, келісімнің нормалары, қорғау функциясы Жергілікті кәсіподақтан шығып, басқа кәсіподақ бірлестігіне кірген қызметкерлерге қолданылмайды.

Бұл сондай-ақ бiрқатар қосымша төлемдерге, демалысқа қосымша ақылы күндерге (бухгалтерлерге, экономистерге,    әдiстемелік кабинеттердің меңгерушiлерiне, педагог-тәлімгерлерге,   қызметкер үйленген жағдайда және т.б.) және педагогтардың жекелеген   лауазымдарының жұмыс уақытына, сыныптардың толымдылығына қарамастан көркем еңбекті  бөлуге және т.б. қатысты.

Бұдан басқа, Жергілікті кәсіподақтан шыққан ұйымдардың келісім нормаларына негізделе отырып жасалған ұжымдық шарты да өз күшін жояды.

  1. Біздің кәсіподақ бірлестігі бастауыш кәсіподақ ұйымына мүшелік жарналардың жалпы сомасының 65-70% ұсынады.
  2. Жергілікті кәсіподақта кәсіподақ мүшелерін құқықтық қамтамасыз ету жүйелі негізде жүзеге асырылады, кері байланыс тиімді ұйымдастырылған.

Жергілікті кәсіподақ қызметінің басқа да маңызды тұстары төменде баяндамада барысында жарияланатын болады.

Қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету

2021 жыл – 2020 жылғы желтоқсанда қабылданған Облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімді іске асырудың бірінші жылы.

Бұл құжат алдыңғы редакциямен салыстырғанда 30-дан астам жаңа нормалары енгізілген, олар біздің өңірдегі білім беру ұйымдарының 35 мыңға жуық қызметкерінің еңбек жағдайын жақсартады.

Айта кетер жайт, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Т. Дәулеталин биылғы жылдың ақпан айындағы кездесуде, сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айындағы жеке қабылдауында жергілікті кәсіподақтың жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек кепілдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын жоғары бағалап, еліміздің кәсіподақтарында оң тәжірибе таратуға шақырды.

Келісім облыстың білім беру ұйымдарында ұжымдық шарттар жасасуға негіз болды.

Жергiлiктi кәсiподақпен әлеуметтiк әрiптестердiң өзара мiндеттемелерiнiң орындалуын бақылау жөнiнде, оның iшiнде еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастыру арқылы тиiстi жұмыстар жүргізілуде.

«Қалың қалай, бастауыш ұйымы?» республикалық акциясы барысында  2021 жылы жергілікті кәсіподақ аппараты облыстың 20 бастауыш кәсіподақ ұйымында болды. Бұл тәжірибе біздің жаңа бастамамыз – филиалдардағы Жергілікті кәсіподақ күні аясында да жалғаса береді.

Келiсiмнiң орындалмауына байланысты еңбек даулары туындаған жағдайда мәселелер келiсу комиссиялары деңгейiнде шешiледi. Тепе-теңдік негізінде құрылған облыстық деңгейдегі келісу комиссиясы (облыс басқармасынан 3 адам және жергілікті кәсіподақтан 3 адам) келісім нормаларына сәйкес Әулиекөл ауданының жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы үшін жұмыс уақытын 1 ставка бойынша аптасына 16 сағатты белгілеу және Қостанай қаласындағы мектеп мұғаліміне 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Көркем еңбек» пәні бойынша сыныпты топқа бөлу туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Кәсiподақ мүшелерiн құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету

Қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру және тегін заң көмегін көрсету үшін Жергілікті кәсіподақ  құрылымында заң клиникасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Жалпыға бірдей құқықтық білім беру мектебі жұмыс істейді, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде «Виртуалды құқықтық білім мектебі» жобасы іске асырылуда.

Ағымдағы жылы Жергілікті кәсіподақпен  облыстың бiлiм саласындағы келiсiм комиссиясының 400-ден астам мүшесi үшiн «Келісу комиссиясы. Еңбек дауларын шешу тәртiбi» тақырыбында тегін курстар ұйымдастырылды және өткізілді, осы бағыттағы жұмыс  жалғасады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында біз мүшелік ұйымдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз етуге ерекше назар аудардық. Жергілікті кәсіподақ аппаратымен кәсіподақ көшбасшыларына жұмыста қолдану үшін көмек ретінде  «Кәсіподақ алгоритмдері», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар»,    «Тесттер, тапсырмалар жинағы және келісу комиссиясының хаттамалары мен шешімдерінің материалдары» жинақтары әзірленіп, пайдалануға жіберілді. 

Сондай-ақ, біздің кәсіподақ бірлестігі кәсіподақ көшбасшысының этикасы туралы ережені қабылдады, бұл жалпы кәсіподақ қозғалысының оң имиджін қалыптастыруға әсер ететіні сөзсіз.

Келесі жылға арналған жоспарларда «Кәсіподақ мүшелерінің өзекті мәселелері» және «Әлеуметтік әріптестік туралы келісімге және ұжымдық шартқа сәйкес еңбек заңнамасының жекелеген нормаларын іске асыру» кәсіподақ  жинақтарын   әзірлеу көзделген. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде еңбек қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер бойынша тікелей эфирлер сериясын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Атаулы көмек көрсету

Әлеуметтiк әрiптестiк туралы келiсiмнiң нормасын iске асыруда кәсіподақ мүшелерінің және олардың балаларының денсаулығын жақсарту, оның iшiнде санаторийлік-курорттық емделудi ұйымдастыру арқылы жұмыс жүргiзiлуде.

Айта кетерлігі, жаңартылған кәсіподақ саясаты аясында санаторийлік-курорттық емделу тәсілдері өзгерді, бұл аурулардың түрлерін ескере отырып, нақты және барынша тиімділікті қамтамасыз етеді.

2021 жылы  600-ге жуық қызметкер жеңілдетілген кәсіподақ жолдамасы (кепілдендірілген өңірлік жеңілдік – 20%) бойынша санаторийлік-курорттық ем алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. Келесі жылы біз курорттық емделу географиясын кеңейте отырып, кем дегенде 1 мың кәсіподақ мүшесінің денсаулығын жақсарту міндетін қойып отырмыз.  Бұған қоса, қазірдің өзінде еліміздің жетекші кәсіподақ санаторийлерімен, соның ішінде «Щучье» (Ақмола облысы), «Ақжайық» (Батыс Қазақстан облысы), «Көктем»  (Алматы) және т.б. санаторийлерімен шарттар жасалуда.

Атаулы қолдауды күшейту үшін Жергілікті кәсіподақ жанынан «Мейірімді» қайырымдылық және әлеуметтік көмек қоры құрылды, оның  құрамына ерікті негізде облыстағы білім беру саласындағы 300-ге   жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдары кірді.  2021 жылы Қор мұқтаж кәсіподақ мүшелеріне жалпы сомасы 3,8 млн. теңгеге  қаржылай қолдау көрсетті (су тасқыны, өрт және басқа да төтенше жағдайлар салдарынан келтірілген залал, шұғыл қымбат операция жүргізу қажеттілігі және т.б.).

Биылғы жылға қойылған басым міндеттердің бірі –облыстық білім саласының ардагерлер кеңесін құру арқылы білім саласындағы еңбек ардагерлерімен өзара іс-әрекетті күшейту. Қойылған міндет жүзеге асырылды, сонымен қатар, біздің облыстың барлық өңірлерінде білім қызметкерлерінің ардагерлер кеңесі құрылды. Облыстық ардагерлер кеңесі биыл бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып үлгерді, олардың бірі – кәсіподақ спартакиадасы, оған облыстың білім беру саласының 500-ден астам ардагері қатысты.

Барлығы, Жергілікті кәсіподақпен 2021 жылы 20-дан астам түрлі бағытта ауқымды іс-шаралар мен акциялар сәтті жүзеге асырылды, соның нәтижесінде тек облыстық кәсіподақ бюджетінің қаражаты есебінен 25 бастауыш кәсіподақ және 220-ға жуық кәсіподақ мүшелері грамоталар  және бағалы  сыйлықтармен марапатталды.

Мәселен, «Жас әрі келешегі зор қызметкер» (45 жас кәсіподақ белсенділері үшін «Жайлау» санаторийіне демалыс туры ұйымдастырылды),   «Мәңгілік есте сақтаймыз! Мақтан тұтамыз!» (білім беру саласындағы мұражайлардың 16 басшысына демалыс туры ұйымдастырылды»),  «Төраға-төрағаға, тәжірибемен бөлісейік» (екі күндік басшылық жиындарын өткізу), «Жас бастауыш кәсіподақ көшбасшы – 2021», «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021», «Мұғалімдер бөлмесі-жайлылық алаңы», «Вакцина ал!» акциясы, «….бұны да кәсіподақ! бейне акциясы (акция барысында облыстың 160 кәсіподақ праймеризі өз жұмысының озық тәжірибесін көрсетті),  «Бал-бала» акциясы (мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған кәсіподақ мүшелерінің білім беру саласындағы 200-ден астам қызметкері кәсіподақ сыйлығын алды), т.б.

Осындай жұмыс біздің кәсіподақ бірлестігіміздің әр филиалында да жүргізілді.

Жариялылық, ашықтық және айқындық принциптерін іске асыру.

Кәсіподақтың барлық қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады, бұл жүргізілетін жұмыстың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз  етеді.

2021 жылы Жергілікті кәсіподақ аппаратымен республикалық және облыстық БАҚ баспа басылымдарында 30-дан астам материал жарияланды, 2 телехабар ұйымдастырылды. Біздің  Instagram (8 мың жазылушылар) және Facebook (5 мың достар мен жазылушылар) әлеуметтік желілерінде 500-ден астам жарияланымдар орналастырылды.

Сондай-ақ, жергілікті жерлерде кәсіподақ жұмысын насихаттау үшін бірлестік филиалдары мен бірқатар бастауыш ұйымдардың әлеуметтік желілерде аккаунттары жұмыс істейді.

2022 жылы кәсіподақтың үздік ақпараттық ресурсына арналған конкурс кәсіподақтың ақпараттық қызметін одан әрі дамытуға ынталандырады деп санаймыз

Бұл ретте біз еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыруға ерекше назар аударуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жергілікті кәсіподақ «Учительская плюс» салалық газетімен бірлесіп іске асыратын жаңа кәсіподақ жобасы – «Еңбек жолы» тұрақты айдарын бастады, оның шеңберінде 2022 жыл ішінде өз кәсібінің шынайы патриоттары: сол кісілердің арқасында біздің облыстың білім беру жүйесінің және кәсіподақ қозғалысының оң имиджі мен беделі қалыптасақан педагогтар, педагогикалық еңбек ардагерлері,  саланың басқа да қызметкерлері туралы 100-ден астам жарияланым орналастырылатын болады.

Ашықтық принципін іске асыру туралы айта отырып, Жергілікті кәсіподақ құрылымындағы қаржылық өзара іс-әрекет жүйесі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанына аударылатынын атап өтемін (ақша қаражаты корпоративтік карталарға аударылады). Сондай-ақ кәсіподақ бухгалтериясын бухгалтерлік есепті жүргізудің бұлтты технологияларына көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында жергілікті жерлердегі кәсіподақ жұмысының нақты жағдайын объективті бағалау үшін Жергілікті кәсіподақ аппараты құрылған жағдайлар мен нәтижелер сапасының 50-ден астам индикаторын қамтитын филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің тиімділігіне рейтингтік бағалауды әзірлеп, жүргізді. Бұл бағалау механизмі нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіподақ ұйымының қолда бар әлеуетін қаншалықты пайдаланатынын белгілеуге, тиісінше нақты проблемаларды айқындауға және даму жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Бағалау нәтижелері бойынша Қостанай қ. және Ұзынкөл ауданының филиалдары, Әулиекөл, Қостанай аудандарының, Қостанай қ. кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымы көшбасшылар қатарынан орын алды. Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Рейтингтік бағалау тұрақты негізде жыл сайын іске асырылатын болады.

2022 жылы біз шешуге тиіс міндеттердің ішінде мыналарды атап өткім келеді:

  • ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2021-2025 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасын іске асыру аясында Жастар кәсіподақ активіне ерекше назар аудару қажет. 2022 жылы біз жастар кәсіподақ кеңесін құру міндетін қоямыз.
  • Құрылған қайырымдылық және әлеуметтік көмек қоры өзінің тиімділігін көрсетті. Біз кәсіподақ мүшелеріне атаулы қолдауды күшейтуді жоспарлап отырмыз.
  • Біздің кәсіподақтың кемінде 1 мың мүшесін санаторлық-курорттық емдеумен қамту.
  • Кәсіподақ қызметінің айқындығын күшейту үшін жаңа механизмдер мен технологияларды енгізу.

Жалпы кәсіподақтың барлық жұмысы білім беру саласы қызметкерлерінің-кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауға және кәсіподақ міндеттерін жүйелі түрде іске асыруға бағытталған.