«Кәсіподақ белсенділерінің үздік мектебі» конкурсын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережесі
- Осы ереже «Кәсіподақ белсенділерінің үздік мектебі» конкурсын өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі-Конкурс).
2.Конкурсты ұйымдастырушы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-Кәсіподақ).
- Конкурстың мақсаты, міндеттері мен қатысушылары
- Конкурстың мақсаты кәсіподақ белсенділерінің үздік мектебін анықтау, кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ оқуын ұйымдастыруды жетілдіру, оқу тиімділігін, кәсіподақ белсенділерінің және кәсіподақ ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру
- Конкурс міндеттері:
— Кәсіподақтың оң имиджін қалыптастыру және оның қызметін насихаттау;
— кәсіподақтық оқытудың озық тәжірибесін жинақтау, тарату және көтермелеу.
- Конкурсқа қатысушылар – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ұйымының филиалы.
- Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі
- Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық ету, конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау жөніндегі функциялар, сондай-ақ конкурсты өткізуге байланысты өзге де функциялар жүктеледі.
- Конкурсқа қатысу үшін Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес өтінімді толтыру қажет
- Конкурсқа өтінімдер мен материалдар конкурстық жылдың 20 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) электрондық нұсқада қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын сілтемелер қолжетімді және тіркелусіз жұмыс істейтін, Конкурсқа қатысушылардың Байланыс ақпараты – өзекті болуы тиіс.
4.Өтінімдер мен конкурс материалдарын жіберу үшін электрондық мекенжайы: lprofedu@mail.ru
- Конкурстық материалдардың авторлық құқықтарының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты болады.
- Бағалау критерийлері
- Конкурстық материалдар 1-қосымшада «Жұмыс көрсеткіштері» нысаны бойынша ұсынылады.
- Материалдарға «жұмыс көрсеткіштері» нысанында көрсетілмеген мәліметтер болуы мүмкін ілеспе хат қоса беріледі.
- Қорытындылау
- Ұйымдастыру комитеті 2022 жылғы 07 қазанға дейінгі мерзімде мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және конкурс жеңімпаздарын айқындайды
- Байқау қорытындысы 2022 жылдың 10 қазаны – ҚР Кәсіптік одақтар күні жарияланады.
- Конкурс жеңімпаздары Кәсіподақ грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
№1қосымша
Жұмыс көрсеткіштері ________________________________
| 1* | Кәсіподақ мүшелерінің саны | |
| 2* | Босатылған кәсіподақ мүшелерінің саны | |
| 3* | Босатылмаған кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерінің саны | |
| 4* | Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны | |
| 5 | Интернат аккаунты, оның мекенжайы, оқу парақшасы бар ма |
*1-4 көрсеткіштері статистикалық есептің негізінде көрсетіледі
| 6 | Кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқыту нысаны | Жалпы оқытылды | Оның ішінде жастар (35 жасқа дейін) |
| 6.1. | Тұрақты жұмыс істейтін семинарлар | ||
| 6.2. | Тақырыптық семинар | ||
| 6.3. | Біліктілікті арттыру | ||
| 6.4. | Барлық бағдарламалар бойынша оқытылды |
| 7 | Жастар кеңестері мен комиссиялардың мүшелерін оқыту (адам) | |
| 8 | Кәсіподақтың қатардағы мүшелерін оқыту (адам) | |
| — оның ішінде 35 жасқа дейінгі жастар | ||
| — оқыту нысанын көрсету
Семинарлар, тренингтер, пікірталастар |
||
| 9 | Кәсіподақтың қандай білім беру мекемелерінде оқу өтті:
— филиал — облыстық ұйым — ҚРКФ |
|
| 10 | Сайланбалы органдар отырысында кәсіподақтық білім беру проблемалары бойынша мәселелер қаралды | |
| 11 | 3 жылда жастар форумдары, конференциялар, слеттер өткізілді | |
| 12 | Форумдар, «дөңгелек үстелдер», пікірталастар өткізілді | |
| -қатысушылар саны | ||
| 13 | Арнайы басылымдардың болуы (хабаршылар, газеттер…), таралымы | |
| 14 | Интернет-ресурстың, әлеуметтік желілердегі парақшалардың болуы және жұмыс істеу сапасы | Қолданыстағы аккаунт сілтемесін көрсету |
| 15 | Кәсіподақ білім беру оқытушыларының еңбегін жыл бойына моральдық және материалдық ынталандыру:
Грамоталармен марапатталды, алғыс жарияланды (адам) |
|
| -сыйақыланды (адам) | ||
| 16 | Кадрлар мен белсенділерді оқытуға жұмсалған меншікті қаржы қаражатының үлесі (%- бен) | |
| Тартылған қаражат көлемі (% және мың теңге) | ||
| — оның ішінде әлеуметтік әріптестік шеңберінде бөлінгендері |
Филиал төрағасы (төрайымы):
