«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
кәсіподақ комитетінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 6 хаттамасымен бекітілген
«Кәсіподақ -денсаулық сақтау аумағы»
бейнеролик байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережесі
- Осы ереже «Кәсіподақ -денсаулық сақтау аумағы» бейнеролик байқауын өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі-Байқау).
- Байқау ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі- Кәсіподақ).
- Байқаудың мақсаты, міндеттері, қатысушылары
- Байқау кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру мақсатында өткізіледі.
- Конкурс міндеттері:
– денсаулық сақтау, дене шынықтыру және денсаулық бастамаларын іске асыру, еңбек ұжымында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бірлестіктің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының озық қолданыстағы тәжірибесін анықтау;
– салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру жөніндегі кәсіподақ жұмысының озық тәжірибесін тарату;
– кәсіподақ ортасында рекреациялық жұмыстың озық тәжірибесін қорытындылау, қолдау және ынталандыру.
- Байқау қатысушылары – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымдары.
- Байқауды өткізу шарттары мен өткізу тәртібі
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық функциялары, Байқауды өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау, сондай-ақ Байқауды өткізуге байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
- Байқауға қатысу үшін Кәсіподақ еңбек ұжымында салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру жөніндегі кәсіподақ жұмысының жүйесін көрсететін бейнероликті lprofedu@mail.ru электрондық поштасына «бейнеролик байқау» деген белгісімен, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымының атауын көрсете отырып, қысқаша ілеспе ақпаратты ұйымы 2022 жылғы 01 мамырдан бастап 01 қыркүйекке дейін жібереді.
- Әр филиалдан байқауға әр номинация бойынша 1 бейнеролик жіберіледі.
- Материал мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін
- Бейне ролик ұзақтығы –60 секундқа дейін.
- Ұсынылған бейнероликтер Кәсіподақтың ресми аккаунтында Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде #жергілікті білім кәсіподағы, #кәсіподақ_денсаулық сақтау_аумағы хэштегімен орналастырылады.
- Байқауға қатысушысы Байқау материалдарының авторлық құқықтарының сақталуна жауапты.
- Байқауға материалдарды ұсына отырып, авторлар Байқауды ұйымдастырушыға байқау материалдарын коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында және т.б. орналастыру) пайдалану құқығын автоматты түрде береді.
- Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері
- Еңбек ұжымында салауатты өмiр салтын насихаттау бойынша бiрлестiктiң бастауыш кәсiподақ ұйымдарының iске асырылған жұмыс тәжірибелердің өзектілігі, жүйелілігі, әртүрлiлiгi және тиiмдiлiгi.
- Байқау материалдарының толықтығы, сапасы және ақпараттық байлығы.
- Қорытындылау
- Ұйымдастыру комитеті 2022 жылғы 15 кыркүйекке дейін мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және Байқау жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орындар), сондай-ақ «Көрермендер көзайымы сыйлығы» марапатының иегерлерін айқындайды.
- 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін Ұйымдастыру комитеті Кәсіподақтың ресми аккаунтында Instagram әлеуметтік желісінде «Көрермендер көзайымы сыйлығы» марапатына үміткерлердің бейнероликтерін орналастырады.
- Номинацияның жеңімпазы Instagram әлеуметтік желісіндегі Кәсіподақтың ресми аккаунтына жазылушылардың дауыс беруі арқылы анықталады.
- Байқау қорытындылары 2022 жылғы 01 қазанға дейін жарияланады.
- Байқау жеңімпаздары (I, II, III сыйлықтар) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының жеңімпазы Кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.