Құрметті «Учительская плюс» газеті

 редакциясының ұжымы!

 Сіздерді мерейтойлық туған күніңізбен – ақпараттық-танымдық газеттің алғашқы шығарылымының  он жылдығымен құттықтаймын!

Осы жылдар ішінде басылым ондаған мың оқырмандардың сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды.

Редакторлар мен авторлар тобының жоғары кәсібилігі, солардың ішінде облыстың білім беру ұйымдарының қызметкерлері, білім беру саласындағы маңызды оқиғаларды айқын, жанды, объективті түрде жеткізе білуі – бұл газет жұмысының негізгі құрамдас бөлігі және оның сөзсіз беделінің негізі.

Бүгінгі таңда «Учительская плюс» газетін Қостанай облысының білім бренді деп атауға болады.

«Учительская плюс» – біздің кәсіподақ бірлестігіміздің бұрыннан келе жатқан және сенімді серіктесі екенін атап өтпей кетуге болмас.

Саланың апталық аса кәсіби ұжымы кәсіподақ іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеуді шебер жүзеге асырады, бірлесе отырып қызықты әр түрлі жобаларды жүзеге асырудамыз. Жемісті серіктестік қарым-қатынасыңыз үшін алғыс білдіремін!

Құрметті достар!

Осы мерекелік күнде сіздерге шын жүректен шығармашылық табыстар мен жаңа мейірбан оқырмандар, қызықты жаңалықтар мен тамаша оқиғалар, тұрақты таралымдар мен қаржылық әл-ауқатты тілектеймін!

Сіздердің орасан зор жұмысыңыз әрқашан сұранысқа және лайықты бағаға ие болсын!

Сіздерге зор денсаулық, жақсылық және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!

 

Құрметпен,

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы

В. Цымбалюк