Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді шын мәнінде жалпы халықтың сүйікті мерекесі, ізгі үміттер сыйлайтын көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Бізге ғасырлардан келіп жеткен Наурыз мейрамы, ата-бабаларымыздың қарапайым, бірақ мызғымас құндылықтарды өсиет еткен, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру, өзара және туған жермен үйлесімділікте өмір сүру, қонақжайлылық салтын және үлкендерді құрметтеу, өкпе-реніштерді кешіріп, ынтымаққа тарту, бір-бірімізге көмек пен қолдау көрсету дәстүрлерімен тығыз байланысты.

Ал біздің қасиетті парызымыз – ғасырлар бойы қалыптасқан осы құндылықты жүрегімізде сақтап,  ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Өзара көмек пен өзара түсіністік, ынтымақтастық пен ортақтастық, бір-бірінің проблемалары мен қажеттіліктеріне назар аудару кәсіподақтың сөзсіз қағидалары болып табылады.

Біздің кәсіподақ бірлестігі жанынан құрылған «Мейірім» қайырымдылық және әлеуметтік көмек қорының қызметінің  арқасында өмірлік қиын жағдайға тап болған кәсіподақ мүшелеріне  жалпы сомасы 4,8 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Өз кезегінде, Қордың құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдары-Қор қатысушыларына бей-жай қарамағаны және ықыластығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Оңалтуды қажет ететін кәсіподақ мүшелеріне де тиімді қолдау көрсетілуде, бұл ретте санаторийлік-курорттық емдеу географиясы белсенді түрде кеңеюде.

Көктемгі демалыс кезінде білім беру ұйымдарының 120 қызметкері Алматы, Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы кәсіподақ сауықтыру шипажайларында өз денсаулығын жақсартады. Жалпы, биылғы жылы біз кәсіподақтың мың мүшесінің денсаулығын жақсартуды жоспарлап отырмыз.

Құрметті әріптестер!

Осы мерекелік күнде Сіздерге, Сіздердің отбасыларыңыз бен достарыңызға мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін!

Көктем шуағын шашқан Наурыз мейрамы  әр үйге қуаныш пен береке, тұрақтылық пен сәттілік, бейбітшілік пен келісім әкелсін!

Дастархандарыңыз тек қуанышты тойға ғана жайылып, ал үй-іші әрдайым жылы әрі жайлы болсын!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

 

Құрметпен,

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы»ҚБ төрағасы

Василий Цымбалюк