Азаматтық қызметші

Азаматтық қызметші

1). Азаматтық қызметші ұғымы

Азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам (Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 1 б. 1т. 1). -бұдан әрі ҚР ЕК).

(Сұрақ-жауап)

Сұрақ. Білім беру ұйымыда штаттан тыс 1 сыныпты жүргізуші болып жұмыс істеймін, сонымен қатар штаттық лауазымда колледжде жүргізуші ретінде қоса атқарылатын жұмыс бойынша қызмет атқарамын. Мен осы ұйымдарда азаматтық қызметіші болып табыламын ба?

Жауап: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі-ҚР ЕК) 1 бабы негізінде: білім беру бөлімінде жұмыс атқаратын жүргізуші штаттан тыс қызметкер болғандықтан  азаматтық қызметші болып табылмайды.

Колледжде штаттық лауазымда қоса атқарылатын жұмыс бойынша қызмет атқаратын жүргізуші азаматтық қызметші болып табылады, себебі:

  • Жүргізуші штаттық лауазымға ие;
  • «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйес туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес азаматтық қызметшілер құрамына білікті жұмысшылар кіреді. Жоғарыда көрсетілген қаулыға және тарифтік-біліктілік анықтамалыққа сәйкес еңбекақы төлеу бойынша білікті жұмысшыларға 3-разрядтан бастап және одан жоғары жұмысшылар жатады. Жүргізушіде 4 санат.

2). Азаматтық қызметшіні жұмысқа қабылдау

2.1. Азаматтық қызметке кіру тағайындай тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылады (ҚР ЕК 139 б. 1 т.).

2.1. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекемсе, қазыналық кәсіпорын  ұйымдастырады және өткізеді (ҚР ЕК 139 б. 2т.).

2.3. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасау және жұмыс берушінің актісін шығару арқылы жүзеге асырылады (ҚР ЕК 139 б. 1 т.).

 

  • Азаматтық қызметкерге еңбекақы төлеу

3.1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі (ҚР ЕК 139 б. 9т.), атап айтқанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйес туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысмен  айқындайды.

4). Азаматтық қызметі демалысы және сауықтыру өтемақысы

4.1.  Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы отыз күнтізбелік күннен кем емес жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.  Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақысы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілгенде кезде күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Азаматтық қызметшілерге  еңбек демалысының ұзақтығы 56 күнтізбелік күнді құрайтын педагогтар жатады (Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңы )