Материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасасу кезіндегі еңбек даулары (өз бетінше зерделеу үшін)

Келісу комиссиясы. Еңбек заңнамасының негіздері

(Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің ждергілікті кәсіпті одағы» ҚБ ҚБ қоғамдық қабылдау басшысы Нина Владимировна Суворова; байланыс телефоны: 54-10-44, 87051710177)   

 

8 тақырып. Материалдық жауапкершілік туралы шарттарын жасасу кезіндегі еңбек даулары

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 123 бабының 7 тармағына сәйкес жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін лауазымдар тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 6,21 т келісті  жұмыскерлерге берілген мүліктің және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуі үшін толық жеке материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесіне мына қызметкерлер кіреді:

– білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;

– шаруашылық меңгерушісі;

-кассир;

-экспедитор;

-қойма меңгерушісі;

– қоймашы;

– аға шебері;

– кітапхана меңгерушісі (кітапханашы);

– медбике

– кастелянша;

– жатақхана меңгерушісі;

– бас аспазшы;

– комендант;

– жүргізуші.

Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Жұмыс беруші мұғалімді материалды-жауапты тұлға ретінде  белгілейді (мысалы: колледж оқытушысы, балабақша тәрбиешісі). Қызметкерлер бұл лауазымға қарсы.

 

Яғни, мұғалім материалды-жауапты тұлға бол алмайды.