Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде жұмыскерлер өкілдерінің пікірін есепке алу тәртібі (мысалынға, тәртіптік жаза қолдану туралы, көтермелеу туралы жұмыс беруші актісінде)
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мен «Қостанай облыс білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісім негізінде жұмыс берушінің төмендегі актілері бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің немесе бастауыш кәсіподақ комитеті төрағасының дәлелді пікірін ескере отырып қабылданады:
1) Ішкі еңбек тәртібі ережесі;
2) оқу сабақтарының кестесі;
3) демалыс кестелері;
4) педагогтардың оқу жүктемесі;
5) педагогикалық қызметкерлердің қолданыстағы біліктілік санатын төмендету мақсатындағы кезектен тыс аттестатциясын тағайындау туралы шешім;
6) біліктілік санатын төмендету туралы шешім;
7) еңбек қорғау бойынша нұсқаулық;
8) еңбек жағдайларының өзгертуі туралы бұйрықтар;
9) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;
10) штаттық кестенің қысқаруы мен өзгеруі туралы бұйрықтар;
11) көтермелеулер мен тәртіптік шаралар туралы бұйрықтар;
12) сыйақы беру, материалдық көмек туралы бұйрықтар;
13) айырықша жағдайларда қызметкердің келісімінсіз демалыс және мерекелік күндері жұмысқа тарту туралы бұйрықтар;
14) жұмыскерді жұмыстан шеттету бойынша бұйрықтары.
Жұмыс берушінің жоғарыда көрсетілген актілерін келісу рәсімін ұйымдастыру үшін кәсіподақ комитетінің шешімімен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру қажет. Немесе бұл рәсім БКҰ төрағасына жүктелсін (кәсіподақ комитетінің шешімімен).
Жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы, көтермелеу туралы актісін келісудің қадамдық рәсімі
Жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы, көтермелеу туралы актісін келісудің қадамдық рәсімі
1 |
Жұмыс беруші кәсіподақ комитетінің төрағасына сайланбалы органның дәлелді пікірін беру туралы не кәсіподақ ұйымымен келісу үшін өтініш жолдайды
|
1 нысан бойынша өтініш (қоса беріледі). Осы өтінішке қоса беріледі: Тәртіптік жаза қолдану кезінде 1) Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық жобасы. 2) Қарамағындағы қызметкерге тәртіптік жаза қолдану жоспарланып отырған немесе кадр қызметінің қызметтік жазбасы бар құрылымдық бөлімше басшысының қызметтік жазбасы 3) Жасалған теріс қылық туралы қызметкердің түсініктемесі (болған жағдайда) Көтермелеу кезінде 1). Көтермелеу туралы бұйрық жобасы; 1) 2). Қарамағындағы қызметкерге тәртіптік жаза қолдану жоспарланып отырған немесе кадр қызметінің қызметтік жазбасы бар құрылымдық бөлімше басшысының қызметтік жазбасы |
2 | Кәсіподақ комитеті (немесе БКҰ төрағасы) осы бұйрық жобасын бір жұмыс күн ішінде қарайды | |
3 |
Бұйрық жобасын кәсіподақ комитеті қараған жағдайда |
1). Комиссия отырысы хаттамамен ресімделеді (үлгі – 2 нысан)
2). Кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірі хаттамада көрсетіледі. |
4 | Кәсіподақ комитеті жұмыс берушіге бұйрық жобасы бойынша жазбаша нысанда дәлелді пікір жібереді.
|
1) Егер кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді қорытындысында жұмыс
берушінің шешім жобасымен келісім болмаса немесе оны жақсарту туралы ұсыныстар болса, жұмыс беруші онымен келісе алады немесе ол туралы жобаны және негіздемесін өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында комиссияға дәлелді қорытынды алғаннан кейін бір күн ішінде жіберуге міндетті. 2). Егер келісімге қол жеткізілмесе, туындаған келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді,содан кейін жұмыс беруші шешім қабылдауға құқылы, оған сәйкес кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 159 б. тәртібінде құрылған келісу комиссиясына шағымдала алады немесе тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясы немесе сотқа шағымдануға құқылы.
3). Мерзімінде ұсынылмаған немесе жұмыс берушінің уәжделмеген пікірі ескерілмейді |
Бұйрық жобасы БКҰ төрағасымен қарастырылғар жағдайда | БКҰ төрағасының дәлелді пікірі (үлгі-3 нысан). | |
6 | Төраға жұмыс берушіге жазбаша түрде бұйрық жобасы бойынша дәлелді пікірін жібереді. | 1). БКҰ төрағасының дәлелді қорытындысында басшының бұйрығының жобасымен келісім болмаған жағдайда, жұмыс беруші бір күн ішінде БКҰ төрағасының ұсыныстарын қарауға және оған дәлелді қорытынды беру үшін қайта өтініш жіберуге міндетті.
2). Егер келісім жасалмаса, жұмыс беруші шешім қабылдауға құқылы, ол келісім комиссиясына немесе мемлекеттік еңбек инспекциясына немесе сотқа шағымдана алады. 3). Мерзімінде ұсынылмаған немесе жұмыс берушінің уәжделмеген пікірі ескерілмейді |
1 нысан
Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына (немесе БКҰ төрағасына) жұмыс берушінің дәлелді пікір алу немесе келісу және оны негіздеу туралы өтінішінің үлгісі
Құжаттың шығыс
нөмірі және күні
_______________________________________________________________
(бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)
Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді пікір беруі туралы немесе кәсіподақ ұйымымен келісу үшін
ӨТІНІШ
(ұйымның атауы)
(жұмыс беруші актісінің атауы)
жобасын және ол бойынша барлық құжаттары тіркелген негіздемені жолдайды.
Бір жұмыс күнінің ішінде жұмыс берушінің осы актісінің жобасы бойынша жазбаша түрде дәлелді пікір жолдауды сұраймын.
Қосымша _____парақта.
Мекеме басшысы _______________________
(қолы, аты-жөні)
- нысан
(кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)
ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫНАН КӨШІРМЕ
(мәселе аталымы)
бойынша дәлелді пікір туралы
_________________________________________ өзінің өкілетті құрамымен жұмыс (кәсіподақ органының атауы)
берушінің «___» ________20___ж. №_____
________________________________________________________________
(жұмыс беруші актісінің атауы)
жобасы бойынша өтінішті, оның негіздемесі және жұмыс берушінің нормативтік актісін қабылдау қажеттігі мен заңдылығын растайтын құжаттарды қарастырды. _________________________________________________________________
(сайланбалы органның атауы)
«___» ________20___ж. Отырысында жұмыс берушінің ____________________________________________________________________
(жобаның атауы)
жобасын әзірлегенде ҚР Еңбек кодексімен және нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттармен және келісімдермен көзделген нормаларды сақтау жағдайы тексерілді.
Келесі мазмұндағы дәлелді пікір бекітілді:
(сайланбалы кәсіподақ органының атауы)
_________________________________________________________________ жобасы бойынша (жобаның атауы)
ДӘЛЕЛДІ ПІКІРІ
Жоба ҚР еңбек заңдылығымен, еңбек құқықтарын қамтитын, осы актіні қабылдауды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттар және келісімдердің ______________ тармақтарында (баптарында) көзделген нормаларға сәйкес (сәйкес емес) және қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайды (нашарлатады).
Жобаның мазмұнын, енгізу мерзімін, ұсынылатын өзгертулер бойынша өзге де ескертпелер мен толықтыруларды көрсету қажет.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып ______________________________________
(кәсіподақ органның атауы)
жұмыс берушінің ______________________________________________________________
(жобаның атауы)
қабылдануы мүмкін (мүмкін емес) деп есептейді.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы
____________ __________________
(қолы) (А.Ж.Т.)
Кәсіподақ органының дәлелді пікірін «___» ________20___ж. _____________________________________________________________________ алды.
(жұмыс берушінің А.Ж.Т.)
«___» ________20___ж.
_____________________
(қолы)
3 нысан
_________________________________________________________ бұйрық жобасы бойынша (жобаның атауы)
БКҰ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ДӘЛЕЛДІ ПІКІРІ
Жоба ҚР еңбек заңдылығымен, еңбек құқықтарын қамтитын, осы актіні қабылдауды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттар және келісімдердің ______________ тармақтарында (баптарында) көзделген нормаларға сәйкес (сәйкес емес) және қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайды (нашарлатады).
Жобаның мазмұнын, енгізу мерзімін, болатын өзгертулер бойынша өзге де ескертпелер мен толықтыруларды көрсету қажет.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып жұмыс берушімен _______________________________________________ қабылдануы мүмкін (мүмкін емес) деп
(жобаның атауы)
есептеймін.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы
____________ __________________
(қолы) (А.Ж.Т.)
Кәсіподақ органының дәлелді пікірін «___» ________20___ж. _____________________________________________________________________ алды.
(жұмыс берушінің А.Ж.Т.)
«___» ________20___ж.
_____________________
(қолы)