Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай біздің бірлестікте филиалдар қызметінің тиімділігіне рейтингтік баға беруін дәстүрге айналған.
Айта кететін жайт, рейтингке 6 блок бойынша 50-ге жуық индикатор кіреді (қаржылық тиімділік, басқару және ынталандыру, қорғау қызметі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сауықтыру, қызметтің ашықтығы). Шын мәнінде, бұл барлық кәсіподақ жұмысының сапасын бағалау.
Бұл ретте бағалау жасалған жағдайлардың сапасы жағынан да, нәтиженің сапасы жағынан да жүргізіледі. Бұл көрсеткіштердің арақатынасы ұйымның нәтижеге жету үшін қолда бар ресурстарды қаншалықты пайдаланатынын көруге мүмкіндік береді.
Аудандық филиалдар арасында Рейтингтік бағалау – 2022 көшбасшысы– Әулиекөл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрайымы-Айжан Бекмағамбетова
Қалалық филиалдар арасында Рейтингтік бағалау – 2022 жеңімпазы -Рудный қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрайымы – Амина Мырзатаева
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, алдағы уақытта сәттілік тілейміз!