Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Алғыс хатымен Сарыкөл ауданындағы біздің кәсіподақ бірлестігі филиалының төрағасы Дамир Дувлеталиевтің кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі атап өтілді.
Дувлеталиев Дамир Мұратұлы-өте сауатты, бастамашыл, жауапты, іске бей-жай қарамайтын адам. Ол кәсіподақтың әрбір мүшесін тыңдай және ести алады, әлеуметтік серіктестер – білім беру ұйымдарының басшыларымен сындарлы диалог құра алады.
Құрметті Дамир Мұратұлы, Сізді лайықты марапатпен шын жүректен құттықтаймыз, адал және лайықты еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз!
Сізге зор денсаулық, алдағы уақытта да табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!