«Құмарлық! Денсаулық! Демалыс!»- осындай ұранмен қаңтар айының соңғы күндерінде Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының мүшелері мен олардың балалары- жиналған 100 – ден астам қатысушыларының алғашқы отбасылық кәсіподақ спартакиадасы өтті.
Мысалы, ерлі-зайыптылар Антощук Сарыкөл ауданының Урицкий мектеп – лицейінде жұмыс істейді: Виталий Михайлович – физика пәнінің мұғалімі, ал Лариса Анатольевна-орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Екеуі де білім берудегі жергілікті кәсіподағының мүшелері. Отбасы спортпен ұзақ уақыт бойы шұғылданады: Лариса-көптеген шаңғы жарыстарының жеңімпазы, Виталий – волейболшы, ал ұлы Артем шахматты жақсы көреді.
Ерлан Бигабуловтың отбасы да қысқы спорттық ойын-сауықтарды өте жақсы көреді және бұл кездейсоқ емес, өйткені отағасы – Амангелді ауданы Жаңаауыл мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ал оның жұбайы Айзат сол мектепте тәрбиеші болып жұмыс істейді.
Әулиекөл ауданының Біржановтар отбасында балаларды спортқа ерте жастан баулиды. Бірақ № 2 Аманқарағай мектебінің АӘД оқытушысы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Біржановтың жұбайы Анастасия және қызы Камила отбасылық спартакиадада алғаш рет шаңғыға тұрды, ойын барысында көп жақсы әсерге бөленді.
Сонымен, қыстың ашық таңында біздің облыстың түкпір-түкпірінен спорттық киім киген командалар спартакиада өтетін жерге жиналды, онда оларды хош иісті кондитерлік өнімдер мен дәмді отбасылық таңғы ас күтіп алды.
Серігіп, күш жинаған командалар спорттық шыңдарға шабуыл жасауға дайын тұрды.
Жергілікті кәсіподақтың төрағасы Василий Цымбалюк спартакиадаға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тілеп, қауіпсіздік ережелерін еске салды.
Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығының басшысы Қуаныш Бимурзин капитандарға маршруттық парақтарды табыс етті.
Спартакиаданы өткізу туралы Ережеге сәйкес, әр команда 2000 метрлік кедергілерден өтіп, күрделі тапсырмаларды орындауы керек еді.
Ата-аналар балаларымен бірге жырадан өту үшін бөренелердің үстінен шаңғымен өтіп, үш сіріңкенің көмегімен от жағып, пейнтбол маркерінен оқ атып, бөренені жылдамдықпен кесіп, арқанмен тауға көтерілді, шегелер қақты, тюбингпен жарысты және басқа да төзімділік, тапқырлық пен ұйымшылдық сынақтарынан өтті.
Барлық қатысушылар тапсырмаларды абыроймен орындады, ал кедергілерден ең жылдам өткен және айыппұл ұпайларының ең аз санын жинаған командалар жеңімпаз атанды.
Ең жылдам әрі епті болып Лисаков қаласынан келген Шайхитденовтар отбасы шықты, спартакиада қорытындысы бойынша 1 орынды иеленді.
2 орын Б. Майлин ауданынан келген Саенко – Кублицкихтер отбасылық командасына берілді.
3 орынды Алтынсарин ауданынан келген Журумбаевтар отбасы иеленді.
Жеңімпаз бен жүлдегерлер грамоталармен және кәсіподақ сыйлығымен марапатталды!
Барлық командалар жағымды әсерлермен қатар Жергілікті кәсіподақтың наградасы ретінде «Therma Park» сауықтыру кешеніне баруға сертификат алды. Сондықтан, тәтті түскі астан кейін спорттық, сауықтыру және отбасылық демалыс мерекесі су рәсімдерін қабылдаумен жалғасты.
Спартакиадаға қатысушылардың пікірлеріне сүйенсек, мереке сәтті өткендей:
– Спартакиаданың ұйымдастырылуы өте ұнады, әр кезең қызықты, тапсырмалар ерекше болды. Жағымды әсер алдық, таза ауамен демалдық, балалар өте риза болды. Біздің жергілікті кәсіподақ жазғы кезеңде де осындай отбасылық жарыстар ұйымдастырғанын қалаймын – Саенко – Кублицких отбасы.
– Бағдарлама ұйымдастырушыларына рахмет. Бәрі керемет болды!!! Көңілді. Және бұл денсаулыққа пайдалы! – Омаровтар отбасы.
– Керемет атмосфера, толқу, көтеріңкі көңіл-күй, күні бойы отбасымен бірге өткізуге тамаша мүмкіндік! – Кенкеновтар отбасы.
– Үлкен жағымды әсерлер алдық, балаларға өте ұнады, осындай іс-шаралар көбірек болса екен, өйткені бірлескен белсенді демалыс отбасын біріктіреді! – Біржановтар отбасы.
Отбасылық іс-шараларды ұйымдастырудың алғашқы сәтті тәжірибесі жалғасын тауып, керемет жаңа кәсіподақ дәстүріне айналатыны сөзсіз.