Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының алқа отырысы шеңберінде облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің нақты орындалуына мониториг жүргізу; жазғы кезеңде кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының демалысын ұйымдастыру туралы және т.б. мәселелер қарастырылды;
Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қаулылар қабылданды.
Сондай-ақ, алқа отырысында «Келісу комиссиялары арқылы еңбек дауларын шешу мысалдары» жинағы бекітілді. Бұл жергілікті кәсіподақ аппараты дайындаған сегізінші жинақ.
Бұл кәсіподақ мүшелерінің қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ, біздің әлеуметтік әріптестеріміз-білім беру ұйымдарының басшыларына да пайдалы болатыны сөзсіз.