Білім берудің Жергілікті кәсіподағының төрағасы Василий Цымбалюк пен Арқалық қаласы білім бөлімінің басшысы Есламбек Жеңісұлы Мәметековтың қатысуымен «Арқалық қаласы білім қызметкерлерніңі кәсіп одақ ұйымы» филиалының есептік-сайлау конференциясы өтті.
Конференция делегаттарына арналған құттықтау сөзінде Василий Александрович Арқалық филиалы – облыстағы ең ірі және тиімді филиалдардың бірі – жасалған жағдайлардың сапасы бойынша да, нәтиже сапасы бойынша да үздік бестікте тұрақты екенін атап өтті.
Бұл әлеуметтік серіктестердің: кәсіподақ активінің және Арқалық қаласының білім беру ұйымдары басшыларының сауатты жүргізген жұмысының нәтижесі!
Есеп беру-сайлау конференциясының қорытындысы бойынша бірауыздан ашық дауыс беру арқылы Арқалық қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Алмас Бекин сайланды.
Алмаз Болатұлын төраға ретінде сайлануымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта білім беру саласы қызметкерлерінің-кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғауда табысты жұмыс тілейміз!