Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мамыражай мамыр мерекесі біздің жерімізде жылдар бойы қастерленіп келе жатқан өзара сыйластық пен бірліктің, достық пен ортақ істің құндылықтарын бейнелейді.
Тек бірлік пен келісімде ғана біз кез-келген қиындықты жеңіп, асқақ армандарымызды жүзеге асырып, ертеңгі күнді жақсарта аламыз. Бұл жүздеген жылдар бұрын да осылай болған, бүгін де солай.
Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының мықты тұсы – біздің бірлігімізде. Біз ортақ іс үшін жинала аламыз, бірге мақсатқа жете аламыз, қиын сәтте бір-бірімізге қолдау көрсете аламыз, көмек қолын соза аламыз.
Бұған шынайы мысал-көктемгі су тасқыны. Біздің бірлестіктің мүшелері су тасқынына қарсы іс-шаралардың белсенді қатысушылары болды, құтқару жұмыстарына қатысты.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдары Жергілікті кәсіподақ жариялаған «Біз біргеміз» облыстық қайырымдылық акциясына қатысты, оның шеңберінде «Мейірім» кәсіподақ қорына жалпы сомасы 1️⃣6️⃣ млн.теңге ақшалай қаражат аударылды. Бұл қаражаттың барлығы зардап шеккен 3️⃣3️⃣1️⃣ астам кәсіподақ мүшелеріне материалдық қолдау көрсетуге бағытталған.​
Баршаңызға жанашырлық пен алаңдаушылық танытқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын!
Білім беру органдары мен ұйымдары және Жергілікті кәсіподақ басшыларының бірлігі мен нәтижелі әлеуметтік әріптестігінің арқасында кәсіподақ мүшелері-қызметкерлердің еңбек жағдайлары жақсаруда. Мәселен, 2024-2026 жылдарға арналған келісімге алдыңғы редакциямен салыстырғанда 78 жаңа жеңілдік енгізілген. Біздің әріптестік нығая түседі!
Құрметті әріптестер, Бірінші мамыр қарсаңында әрқайсыңызға шын жүректен зор денсаулық пен оптимизм, өркендеу мен амандық тілеймін!
Қиыншылықтар мен ауыртпашылықтар үйлерді айналып өтсін! Баршамызға тыныштық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбекте жаңа табыстар тілеймін!
Құрметпен
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы,
педагогика ғылымының кандидаты
В. Цымбалюк