Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының жалақысын есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №191 бұйрығымен бекітілді.
Педагогтардың лауазымдық тізбесі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілді.
Педагогтар лауазымының тізбесі:
- Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері, білім беру
ұйымдарының оқытушылары;
- Мектепке дейінгі ұйымның, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының, мамандандырылған білім беру ұйымының, арнайы білім беру ұйымының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымның, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының, оқу (ғылыми)-әдістемелік (әдістемелік) орталықтардың (кабинеттердің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтардың, қосымша білім беру (орталық, кешен), біліктілікті арттыру институттарының (филиалдары) басшылары (басшы, директор, меңгеруші);
- Алғашқы әскери және технолгиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы (білім беру мекемесінде әскери жетекші, техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының алғашқы әскери оқытушы-ұйымдастырушысы);
- Құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің, бөлімшенің) жетекшісі (меңгеруші, басшы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, ғылыми, оқыту, ғылыми-практикалық (орталық), оқу өндірістік, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, оқу-сауықтыру жұмысы және қосымша білім беру (орталықтың, кешеннің), тәрбие жұмысы, ақпараттандыру, алғашқы әскери және технологиялық даярлық бойынша, инновациялық білім (технологиялар) бойынша, бейінді оқыту бойынша, кәсіптік оқыту бойынша, оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша басшының орынбасары;
- Интернат, зертхана, білім беру ұйымы кабинетінің, білім беру ұйымдарындағы бөлімше, оқу-өндірістік, оқу әдістемелік, оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын; жаппай ұйымдастыру жұмысының, ғылыми-зерттеу жұмысының, оқу бөлімінің, секторының, білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі;
- Әлеуметтік педагог;
- Қосымша білім беру педагогы;
- Педагог-психолог, психолог;
- Арнайы білім беру педагогі (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагогы, сурдопедагог, тифлопедагог);
- Педагог-ұйымдастырушы, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі;
- Тәрбиеші: аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), жатақхана тәрбиешісі; ана-тәрбиеші;
- Оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-аға оқытушы; тікелей оқу-оқытушылық қызметпен айналысатын спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы;
- Аға вожатый, вожатый;
- Аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарында сурдоаудармашы);
- Мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарындағы);
- Нұсқаушы: еңбек бойынша (білім беру ұйымдарында); дене тәрбиесі бойынша, соның ішінде арнайы білім беру ұйымдарында тікелей оқу-тәрбие қызметімен айналысатын; дене-спорттық ұйымдардың нұсқаушы-әдіскері, жүзу-әдіскер нұсқаушысы, туризм бойынша нұсқаушы-әдіскер;
- Аға шебер, өндірістік оқыту шебері; шебер-өндірістік оқытудың оқытушысы;
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымы, қосымша білім беру ұйымы; техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтың, арнайы білім беру ұйымының әдіскері (аға әдіскер);
- Музыкалық жетекші, аккомпаниатор, тікелей оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын хореограф, концертмейстер, көркемдік жетекшісі.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
2) тарифтік мөлшерлеме (айлықақы) – жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері;
3) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының жалақысын есептеу тәртібі (жалпы ереже)
- Педагогтардың жалақысы
- біліктілікке
- өтілге
- қызметкердің санатына
- қызметкердің оқу жүктемесіне
- заңнамамен қарастырылған апталық нормативтік жүктемеге
- көтеру, қосымша төлем және үстемеге байланысты есептеледі.
Педагогтердің оқу жүктемесі ұйым басшысымен жылына бір рет оқу жартыжылдықтары бойынша белгіленеді, қажет болған жағдайда екінші оқу жартыжылдығының басында түзетіледі.
Әлеуметтік серіктестік туралы келісімнің 1.21 т келісті оқу жүктемесін бөлу туралы жұмыс берушінің актісі кәсіподақ комитетінің пікірін есепке ала отырып қолданысқа алыну керектігін ескертеміз
Педагогтардың жалақысын төлеу үшін жұмыс уақыты астрономиялық сағатпен есептеледі (1 астрономиялық сағат 60 минутқа тең), бұл ретте педагог нақты 40-45 минут жұмыс істейді. Сабақтар (дәрістер) арасында көзделген үзілістер (қоңыраулар) педагогтың жұмыс уақыты болып табылады (яғни мұғалім үзіліс үшін жалақы алады).
айлық тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) қосымша ақылар мен үстемеақылар мөлшерлерін өзгерту
- Мамандығы бойынша жұмыс стажының көбейген күнінен бастап-сәйкес өтілге
жеткен күннен бастап, егер құжат ұйымда болса немесе жалақы (еңбекақы) ставкасының мөлшерін арттыруға құқық беретін өтілі туралы құжатты ұсынған күннен бастап;
2) Білім алған немесе білім туралы құжатты қалпына келтірген жағдайда-тиісті құжат берілген күннен бастап
3) Аттестаттаудан ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында өтуде, біліктілік санатқа қосымша төлем – ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде белгіленеді.
4) Аттестаттаудан ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында өтуде, біліктілік санатқа қосымша төлем – келесі жылдың 1 қаңтарында белгіленеді;
5) «Еңбек сіңірген» құрметті атақ берілген күннен бастап;
6) Кандидат, доктор ғылыми дәрежесі берілгенде – Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің алқасы немесе президиумы шешім шығарған күннен бастап
7) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі берілген кезде жүргізіледі.
- Қызметкер жыл сайынғы еңбек, жыл сайынғы қосымша төленетін еңбек, әлеуметтік демалыстарда сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде (оның ішінде жүктілігі мен тууы бойынша) айлық тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) өзгертілген кезде жалақыны есептеу жаңа айлық тарифтік мөлшерлемелерге (айлықақылар) байланысты демалысы немесе еңбекке уақытша жарамсыздығы аяқталған күнінен бастап жүргізіледі.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібі
- Педагогтердің айлық жалақысы тарифтік мөлшерлемені (айлықақы) олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені Заңда белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен есептеледі.
Аптасына нормативтік оқу жүктемесі – 18 сағат 20201 жылдың 1 қыркүйегіне дейін
2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап – аптасына 16 сағат.
- Тарифтеу кезінде белгіленген айлық жалақы жылдың әрбір айларындағы апталар мен жұмыс күндерінің санына қарамастан, тарифтеу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
- каникул кезінде еңбекақы каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен жүргізіледі.
- Жазғы каникулы кезінде педагог ретінде қабылданғандарға оқу жылы басталғанға дейінгі кезең үшін жалақы белгіленген біліктілік санаттарын, білім деңгейін және жұмыс стажын ескере отырып анықталатын тарифтік ставкасы (лауазымдық жалақы) есебінен төленеді.
- Негізгі жұмыс орны бойынша білім беру ұйымдарында педагогтердің бір сағат үшін жалақысын есептеу ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған педагогтің міндеттерін орындау кезіндегі оқу сағаттары үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер демалыс кезінде сабақ жүргізілмейтін болса , онда бұл уақытқа жалақы есептелмейді.
Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогке еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді. Бұл ретте каникул кезіндегі жалақы есептеледі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтерге жалақы есептеу тәртібі
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (жалпы білім беру пәндерінің педагогтерінен басқа) жыл сайын оқу жылы басталғанға дейін айына орташа жалақы оқытушының сағаттық тарифтік ставкасын оған белгіленген жылдық жүктемеге көбейтіп, шыққан нәтижені 10 оқу айына бөлу жолымен анықталады. Тарифтік сағаттық мөлшерлеме жалақының тарифтік айлық мөлшерлемесін оқу жүктемесінің орташа айлық нормасына бөлу жолымен анықталады. Белгіленген орташа айлық жалақы оқытушыға, кезекті демалыс күндерін қоспағанда, оқу жылы ішіндегі жұмысы үшін төленеді.
- Оқу жылы ішінде жұмысқа кірген педагогтерге тарифтік орташа айлық жалақы осы педагогтің сағаттық ставкасын оқу жылының аяғына дейінгі қалған толық оқу айларының оқу жүктемесіне көбейтіп, шыққан нәтижені сол айлардың санына бөлу жолымен белгіленеді. Бұл жағдайда толық емес ай үшін жалақы сағаттық мөлшерлеме бойынша нақты сағаттар саны үшін төленеді.
Жұмысқа оқу жылы басталғанға дейін кіріскен педагогтерге сабақ басталғанға дейінгі жұмысы үшін жалақы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген білім деңгейін және педагогикалық стажын ескере отырып анықталған айлық ставкасы есебінен төленеді.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес педагогтер оқу сабақтарынан орташа жалақыларын сақтай отырып босаған кезде, оларға белгіленген жылдық оқу жүктемесінің көлемі:
1) жұмыста болмаған әрбір толық ай үшін жылдық жүктемеден 1/10 бөлікке қысқаруға тиіс;
2) толық емес ай үшін – жұмыста болмаған күндерінің санына қарай .
Педагогтерді сабақтан орташа жалақысын сақтамастан босатқан жағдайда жылдық оқу жүктемесін азайту осы тәртіппен жүргізіледі.
Педагог іс жүзінде оқу жұмысын орындаған күндер үшін (мәселен, науқастық парағын берген күн, іссапарға шыққан және іссапардан оралған күн) жүктемені азайту жүргізілмейді.
- Егер оқу орнына оқу процесі барлық күнтізбелік жыл бойы жалғасатын болса және осыған байланысты педагогтерге төленетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жазғы каникул кезеңінде ғана емес, әртүрлі айларда беріледі, ағымдағы жылдың төленетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін оқу жүктемесін 1/10 бөлікке азайту жүргізілмейді.
- Белгіленген жылдық жүктемеден тыс берілген педагогтік жұмыс сағаттары үшін жалақы педагог жылдық оқу жүктемесін орындағаннан кейін қосымша тарифтік сағаттық мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
- Оқу орындарының штатындағы өндірістік оқыту шеберлеріне жалақы лауазымдық айлықақылар бойынша төленеді.
Оқу жүктемесінің көлемі толық болмағанда, сондай-ақ белгіленген жұмыс уақытының нормасынан тыс берілген оқу уақытының көлемі үшін Кодексте көзделген науқастануына, демалыста болуына байланысты өндірістік оқу педагогтерінің уақытша міндетін орындаған жағдайда, іссапарда, оқу жиындарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа себептерге байланысты, оқу жұмысының жеткіліксіз көлеміне байланысты оқу орнының штатына шебердің штаттық бірлігі енгізілуі мүмкін емес болған жағдайда, өндірістік оқу шеберіне сағаттық ақы төленеді. Бұл жағдайда жалақы мөлшері шебердің айлық лауазымдық жалақысын жұмыс сағаттарының орташа айлық нормасына бөліп, шыққан сағаттық ставканы ай ішінде істелген нақты сағаттар санына көбейту жолымен белгіленеді.
Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне көбейтуді, сондай-ақ қосымша ақылар мен үстемеақыларды есептеу тәртібі
- Үкімет қаулысымен белгіленген көбейтудің, қосымша ақылар мен үстемеақылардың сомалары нақты жүктемеге байланысты: базалық лауазымдық ақыдан (БЛА) немесе лауазымдық ақыдан (ЛА)
Қосымша төлем және үстеме ақылардың атауы | Қосымша төлем және үстеме ақылардың мөлшері | Қай жүктемеге байланысты | Қай еңбек ақыдан есептеледі | ||
Нақты жүктемега қарай | Нақты жүктемге қарамастан | Базалық лауазымдық ақыдан (БЛА). БЛА мөлшері =17697 тенге | Лауазымдық ақыдан (ЛА) | ||
Оқу кабинеттерін меңгергені үшін: | |||||
Мектептерде | 20% | Нақты жүктемеге қарамастан | БЛА-дан | ||
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында | 25% | Нақты жүктемеге қарамастан | БЛА-дан | ||
аралас шеберханалар болған кезде | 30% | Нақты жүктемеге қарамастан | БЛА-дан | ||
Сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі) үшін – 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап | |||||
1-4 сынып | 50% | Нақты жүктемеге қарамастан | БЛА-дан | ||
5-11 сынып | 60% | Нақты жүктемеге қарамастан | БЛА-дан | ||
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында | 50% | Нақты жүктемеге қарамастан | БЛА-дан | ||
Дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін – 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап | |||||
1-4 сынып мұғалімдеріне | 40% | Нақты жүктемеге қарамастан | БЛА-дан | ||
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі (сыныптардағы) қазақ тілінің яғни осы пәндерді 1-4 сыныпта жүргізетін мұғалімдеріне | 50% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | БЛА-дан | ||
Оқу қазақ тілінде жүретін мектептердегі (сыныптардағы) орыс тілінің, осы пәндерді 1-4 сыныпта жүргізетін мұғалімдеріне | 50% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | БЛА-дан | ||
Жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 5-11 сынып мұғалімдеріне, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына: қазақ, орыс тілдері мен әдебиет бойынша |
50% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | БЛА-дан | ||
Жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 5-11 сынып мұғалімдеріне, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына: математика, химия, физика, биология, шет тілі, стенография, сызу, құрастыру, техникалық механика бойынша |
40% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | БЛА-дан | ||
Білім беру ұйымдарында оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін | 40% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | БЛА-дан | ||
Физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі және жалпы орта білім беретін (мектеп-интернат)оқу бағдарламаларын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне және оқытушыларына | До 200% (см. п.19) | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | БЛА-дан | ||
Мамандандырылған мектептер мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда бейіндік бағыттағы пәндер бойынша педагогтерге | 40% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | БЛА-дан | ||
Жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың) бейіндік бағыттағы пәндер бойынша жұмыс істейтін педагогтеріне; жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу тәрбие кешендерінің), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге |
20% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | БЛА-дан | ||
Педагогтерге туберкулез (туберкулезге қарсы) мекемелерінде, диспансерлерінде, санаторийлерінде, орталық аудандық ауруханалар бөлімшелерінде және санаторий үлгісіндегі мектеп интернаттарда, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істегені үшін | 60% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | БЛА-дан | ||
Педагогтарге біліктілік санаттары үшін қосымша төлем-2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап | |||||
Педагог-шебер | 50% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | ЛА-дан | ||
Педагог-зерттеуші | 40% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | ЛА-дан | ||
Педагог-сарапшы | 35% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | ЛА-дан | ||
Педагог-модератор | 30% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | ЛА-дан | ||
Басшылар мен орынбасарларға біліктілік санат үшін қосымша төлем – 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап | |||||
1 санат үшін | 100% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | ЛА-дан | ||
2 санат үшін | 50% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | ЛА-дан | ||
3 санат үшін | 30% | Мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай | ЛА-дан | ||
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін мектеп, мектеп-интернаттарының мұғалімдеріне қосымша ақы (тек негізгі жұмыс орны бойынша) | 10 АЕК (АЕК – Айлық есеп көрсеткіші) –20 т қарау | Нақты жүктемеге қарамастан | |||
Мектеп және мектеп-интернаттар мұғалімдеріне – тәлімгерлік үшін қосымша ақы | 100% | Нақты жүктемеге қарамастан | БЛА-дан |
- Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын, біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан өткен, 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін біліктілік емтихан тапсырған және мынадай тиісті деңгейлер бойынша: бірінші (ілгері) деңгей; екінші (негізгі) деңгей; үшінші (базалық) деңгейдегі сертификат алған білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік деңгейі үшін қосымша ақыны есептеу заңды түрде бекітілген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес лауазымдық айлыққа нақты жүктемені ескере отырып жүзеге асырылады.
- APTIS (All Purpose Ticket Issuing System – Ол Пупос Тикет Ишун Систем), IELTS (International English Language Testing System – Интенашнл Инглиш Лангуич Тестин Систем), TOEFL (Test of English as a Foreign Language – Тест оф Инглиш аз э Форин Лангуич), CEPT (Conference of European Post and Telecommunications – Конфеернц оф Еуропиан Пост энд Телекомюникайшнз), FCE (First Certificate in English – ФҰст Сертификат ин Инглиш), EMI (English as the Medium of Instruction – Инглиш аз зе Мидиам оф Интракшин), TKT CLIL (Content and Language Integrated Learning – Контент энд Лангуич Интеграйтед ЛҰнинг) ағылшын тілін білуі жөнінде халықаралық емтиханнан өткендігі туралы құжаты бар және CEFR (Common European Framework of Reference – Комин Еуропиан Фремуорк оф Референс) шкаласына сәйкес кем дегенде B1-Intermediate деңгейін растайтын немесе дипломның қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін тілдік құзыреттілікке және ағылшын тілінде физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі және жалпы орта білім беретін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушыларына базалық лауазымдық жалақыдан 200%-ға дейін көлемде қосымша ақы төленеді:
Базалық лауазымдыақыдан 200 % – толық іске асырғанда: толық іске асыру деңгейі – жалпы білім беретін мектептер, мамандандырылған білім беру ұйымдары 10-11 сыныптарда инвариантты және вариативті компонент есебінен және жалпы білім беретін мектептер, мамандандырылған білім беру ұйымдарында 7-9 сыныптарда вариативті компонент есебінен сабақтың барлық кезеңдерін ағылшын тілінде өткізу болып табылады;
Базалық лауазымдықақыдан100 % – ішінара іске асырғанда: ішінара іске асыру тәртібі жалпы білім беретін мектептер, мамандандырылған білім беру ұйымдарында 7-9 сыныптарда вариативті компонент есебінен ағылшын тілінде сабақтың жеке кезеңдерін өткізу, терминологияны оқыту және жекелеген бөлімдерді оқыту болып табылады.
Бұл жағдайда, мұғалімдердің дайындық деңгейі пәнді ағылшын тілінде 100% меңгеруіне сәйкес, оқушылардың дайындық деңгейі – ағылшын тілін А2 және одан жоғары деңгейде меңгеруіне сәйкес, ағылшын тілінде оқулықтар мен ОӘК (оның ішінде-билингвалды) 100% қамтылуының болуы қажет.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша ақы белгіленген үлгідегі құжаттары болған жағдайда белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарай жүргізіледі:
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу мерзімі екі жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық бағытта және (немесе) ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System – Еуропиан Кредит Трансфер энд Акьюмилейшн Систем) 120 академиялық кредиттен кем емес меңгерген магистр дәрежесі үшін (дайындау бағыттары бойынша – 7M011 Педагогика и психология, 7M012 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы, 7M013 Пәндік мамандануынсыз мұғалімдер дайындау, 7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандыруымен мұғалімдерді дайындау, 7M015 ғылыми-жаратылыстану пәндер бойынша мұғалімдер дайындау, 7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер дайындау, 7M017 тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді дайындау, 7M018 Әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану бойынша мамандар дайындау, 7M019 Арнайы педагогика бойынша мамандар дайындау, 7M021 Өнер, 7M022 Гуманитарлық ғылымдар, 7M023 Тілдер мен әдебиет, 7M031 Әлеуметтік ғылымдар, 7M032 Журналистика және ақпарат, 7M041Бизнес және басқару, 7M042 Құқық, 7M051 Биологиялық және аралас ғылымдар, 7M052 Қоршаған орта, 7M053 Физикалық ғылымдар, 7M054 Математика және статистика, 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 7M121 Әскери іс, 7M122 Ұлттық қауіпсіздік, 7M123 Қоғамдық қауіпсіздік), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне сәйкес жоғарыда аталған даярлау бағыттарына баламалы мамандықтары бойынша;
-педагогикалық бейіндегі магистратураның бағдарламасын қосымша меңгеруден кейін бейінді магистратураны аяқтаған магистрге белгіленеді.
Төтенше жағдай, төтенше ахуал кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібі
21.Қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыруға және өткізуге тартылмаған ТЖ, ТА кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, оларды Кодекстің 38, 41, 42, 46 және 58-баптарына сәйкес басқа жұмысқа ауыстыру арқылы еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіліп, қызметкердің өзінің келісімімен басқа жұмысқа тарту кезінде, сондай-ақ Кодекстің 127-бабына сәйкес басқа жерде орналасқан жұмыс берушінің құрылымдық бөлімшесіне қызметкерді уақытша ауыстыру кезінде бұрынғы жалақысының деңгейі сақтала отырып жүргізіледі.
22.Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытында ТЖ, ТА кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын есептеу Еңбек кодексінің 112-тармағына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттарда анықталған ТЖ,ТА режимі енгізілгенге дейінгі мерзімде белгіленген, бірақ бір тарифтік мөлшерлемеден (лауазымдық айлық) аспайтын және заңнамалық түрде бекітілген жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде жүргізіледі.