Еңбек демалысы (сұрақтар мен жауаптар жинағы)

Қостанай облысы  білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы

Еңбек демалысы

(Сұрақтар мен жауаптар жинағы)

          Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 1 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына келісті (бұдан әрі – ҚРЕК) демалыс бұл жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының мынадай түрлері беріледі ( ҚР ЕК 87 б. 3т):

        1) жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы;

      2) жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы.

№ 1 сұрақ:  Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ең төменгі ұзақтығы қандай?

           Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының ұзақтығыкүнтізбелік 24 күн, егер, Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмеген болса (ҚР ЕК 88 б).

         Күндердің көбірек саны анықталды:

1). Азаматтық қызметшілерге күнтізбелік 30 күннен кем болмайтын еңбек демалысы (ҚРЕК 139 б. 10 т.).

2) 56 күнтізбелік күнпедагогтар үшін ( ҚР «Педагог мәртебесі» заңының 12 б. 1 т. 3) т. )

№ 2 сұрақ: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес  жұмыскерлердің қандай санаты қосымша ақылы еңбек демалысына құқылы?

         Қосымша ақылы еңбек демалыстары беріледі (ҚРЕК 89 б.):

  • ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн.

       Білім беру ұйымдарында бұл санатқа жататындар:  бас аспаз, аспаз, кір жуу машинисі, от жағушы, пеш жағушы және басқалар

      2)  бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн

№ 3 сұрақ: «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жұмыскерлердің қандай санаты қосымша ақылы еңбек демалысына құқылы?

 

             Жұмыскерлерге қосымша ақылы еңбек демалыстары беру құқығы ҚР ЕК 89 бабының 3 тармағында белгіленген.

        Еңбек, ұжымдық шарттарда қызметкерлерге ұзақ үздіксіз жұмыс істегені, маңызды, күрделі, шұғыл жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатындағы қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары белгіленуі мүмкін.

        «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы  келісімге (бұдан әрі Келісім) сәйкес тараптар келісті:

  1. Қызметкерлерге жақын туыстарының (ата-анасы, баласы, қызы, бауырлары, жұбайы, зайыбы, атасы, енесі) қазасына байланысты, олардың жазбаша өтініштері бойынша сәйкес құжаттар негізінде бес күнге дейін ақылы демалыс беру – 5.2.4. тармақ.
  2. Қызметкерлерге олардың өтініштері бойынша үйлену тойлары болған жағдайда үш күнге дейінгі ақылы еңбек демалысын беру – 5.2.5 тармақ.
  3. Келесі қызметкерлерге ақылы еңбек демалысын үш күнге дейін көбейту-5.2.6. тармақ:
  • аудандық, қалалық (мектептік) әдістемелік бірлестіктердің басшылары; техникалық және кәсіптік білім берудің әдістемелік бірлестіктері;
  • бас бухгалтерлер; бухгалтерлер.
  • бас экономистерге, экономистерге
  • мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджерлерге (мамандарға)
  • кітапханашыларға
  • медицина қызметкерлеріне
  1. Келесі оқу орындарында тәлімгерлік үшін ақылы еңбек демалысын үш күнге дейін ұлғайту-5.2.7:
  • Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушыларына;
  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиешілері;
  • психологиялық-педагогикалық түзету және психологиялық-медициналық педагогикалық консультация кабинеттеріндегі арнайы тәрбиешілерге (мұғалім-логопед; мұғалім-дефектолог; олигофренопедагог және т.б.);
  • Қосымша білім беру ұйымдарындағы қосымша білім беру педагогтері үшін.
  1. Оқу жылы ішінде бірде-бір рет еңбекке уақытша жарамсыздық парағы болмаған қызметкерге күнтізбелік үш күн мөлшерінде қосымша ақылы демалыс белгіленсін- 5.11. тармағы.
  2. Кәсіподақ комитетінің босатылмаған төрағасы болып табылатын қызметкеріне күнтізбелік бес күн санында қосымша ақылы демалыс белгіленсін (5.13 тармақ).
  3. Санитарлық ережелерде көзделгеннен жоғары толымдылығы бар сыныпта, топта жұмыс істейтін қызметкерге күнтізбелік үш күн мөлшерінде қосымша ақылы еңбек демалысы белгіленсін (5.23 тармақ)
  4. Сыныпта немесе топта инклюзивті оқитын немесе тәрбиеленетін балалар болған кезде педагог күнтізбелік үш күн санында қосымша ақылы демалыс алуға құқылы ( 5.25 тармағы).
  5. Азаматтық қызметшілерге жатпайтын жұмыскерлерге демалыс ұзақтығы 30 күтізбелік күнге ұзартылсын (Келісімге № 5 қосымша):

1). қызметтік бөлмелерді тазалаушы;

2) вахтер;

3)  гардероб жұмысшысы;

4) кастелянша;

5) бағбан;

6) қоймашы;

7) аула сыпырушы;

8) санитар;

9) қарауылшы;

10) от жағушы;

11) асхана жұмысшысы,

12) қосалқы жұмысшы

  1. Жұмыскерлерге зиянды, қауіпті, ауыр еңбек жағдайларда еңбек еткені үшін демалысты ұлғайту (Келісмге № 6 қосымша)

1). Дәрігер — 12 күн;

2). Орта медициналық персонал – 12 күн;

3). Кіші медициналық персонал – 12 күн;

4). Сұйық отын және газбен жұмыс істейтін бу және су қыздыратын қазандықтардың жұмысына қамтылған машинист (от жағушысы) – 6 күн;

5). Қатты отынмен жұмыс істейтін бу және су қыздыратын қазандықтардың жұмысына қамтылған машинист (от жағушысы):

— қолмен жаққанда – 12 күн;

— механикалық жолмен жаққанда – 6 күн

6). Кір жуу орнының  жұмысшылары – 6 күн;

7). Бас аспаАспаз Повар – 6 күн;

9). Қызметтік бөлмелерді  тазалаушы – 6 күн;

10). Электрдәнекерлеуші – 6 күн;

11). Тәрбиеші көмекшісі – 6 күн.

  1. Санаторлық мектеп-интернат жұмыскерлеріне демалысты ұлғайту (Келісімге №6 қосымша):

— Кітапханашы – 12 күн;

— Дәрігер – 12 күн;

-Кастелянша –12 күн;

— кіші медициналық және қызмет көрсетуші персонал:

санитар, буфетші, даяшы, ыдыс жуушы, моншашы, шаруа бикесі, күтуші, өндірістік бөлмелерді тазалаушы, шаштараз

  • орта медициналық персонал

№ 4 сұрақ: Еңбек демалысы күндерінің ұзақтығын есептеу кезінде мереке күндері ескеріле ме?

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі (ҚР ЕК 90 б. 1 т.).

№ 5 сұрақ: Педагог 2024 жылғы 1 қыркүйекте жұмысқа қабылданды, осы педагогке 2025 жылғы шілде айынан бастап еңбек демалысын беруге бола ма?

 

Әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 5.1.2. тармағына келісті  жұмысқа тамыз айынын бастап қазан айы аралығында қабылданған педагогтерге оқу жылының аяқталуы бойынша бірінші еңбек жылы үшін  ақылы еңбек демалысы жазғы кезеңде толық көлемде беріледі.

№ 6 сұрақ: Еңбек демалысының ұзақтығы 30 күнтізбелік күн, демалысты: 10 күнтізбелік күн; 10 күнтізбелік күн және 10 күнтізбелік күн бөліктерімен беруге бола ма?

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі жұмыскердің еңбек шартында қарастырылған демалыс ұзақтығы күнтізбелік екі аптадан кем болмауға тиіс (ҚР ЕК 92 б. 3 т.).

          Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде  бұл жағдайда демалысты күнтізбелік әр 10 күнге бөліп алу  болмайды.     

 

№ 7 сұрақ: Жұмыс беруші демалыс кестесін өзгертті, бұл жағдайда ол жұмыскерді ескертуге міндеті ме?

          Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті (ҚРЕК 93 б. 2 т.).

№ 8 сұрақ: Еңбек демалысы кезінде жұмыскердің баласы ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық күндері болған. Жұмыс берушінің осы қызметкерге оның өтініші бойынша демалыс күндерін ауыстыруға құқығы бар ма?

        Жұмыс берушінің мұндай құқығы жоқ, өйткені жұмыскер уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда ғана жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады (ҚР ЕК 94 б. 1т.)

№ 9 сұрақ: Негізгі лауазымдық қызметі (мұғалім) бойынша демалыс -56 күнтізбелік күн, қоса атқарылатын жұмыс (зертханашы) бойынша демалысы 30 күнтізбелік күн. Жұмыскерге демалыс қалай дұрыс беріледі?

  Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді (ҚРЕК 92 б. 5т.).

№ 10 сұрақ: Жұмыс беруші жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақырта ала ма?

Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.

        Басқа жағдайда кері шақыртуға жол берілмейді (ҚРЕК 95 б. 1 т. ).

 

№ 11 сұрақ: Жұмыскер 56 күндік еңбек демалысының 42 күнін пайдаланды, қалған 14 күнде өтемақы сұрады. Басшы пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеу туралы бұйрық шығарды.

       Бұл жағдайда басшының әрекеттері заңсыз болып табылады. Өйткені, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 95-бабының 3-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қайтарып алған кезде ғана рұқсат етіледі.

Бұл жағдайда  демалыс 14 күнге берілмеген болып саналады.

№ 12 сұрақ: Жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алғанда өтемақы қалай жүргізіледі?

        Жұмыскер еңбек демалысынан кері шақырылған кезде оның құқығы бар  (ҚРЕК 95 б. 2,3т.)

  • Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.
  • Демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, тараптар келісім бойынша еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қызметкердің жазбаша келісімін алу қажет, онда қызметкер жұмыс берушіні демалыстан кері шақыртуға қандай шарттармен келісетінін хабарлайды: демалыс күндерін пайдалану немесе ақылы демалыстың пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы төлемін алу.

№ 13 сұрақ: Қызметкерге ағымдағы жыл ішінде 6 күнге жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі. Басшы еңбек демалысын беру кезінде оның ұзақтығын алты күнге қысқартты. Бұл дұрыс па?

        Басшының шешімі дұрыс емес, өйткені қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыс берілді, бұл еңбек демалысы емес, әлеуметтік демалыс болып табылады (ҚРЕК 87 б. 1 т).

№ 14 сұрақ: Демалыс бөліктерге бөлінді. Сауықтыру жәрдемақысы жылына қанша рет төленеді?

       Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

 (ҚРЕК 139б. .10т.).

№ 15 сұрақ: Кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеймін, кітапханашы лауазымын қоса атқарғаны үшін қосымша ақы аламын. Маған «Кітапханашы» лауазымы бойынша сауықтыру жәрдемақысын төлеу керек пе?

Лауазымдарды (кітапханашы) қоса атқарғаны (совмещение) үшін сауықтыру жәрдемақысы төленбейді, өйткені Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес азаматтық қызметші (бұл жағдайда кітапхана меңгерушісі) еңбек демалысына шыққан кезде жылына бір рет лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы алады, ал «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес лауазымды қоса атқару, ол лауазымдық жалақы емес қосымша ақы болып табылады (18-қосымша, 5-тармақ).

     Бұл ретте, егер кітапхана меңгерушісі сол ұйымда қоса атқарылатын жұмыс істейтін (совместительство) кітапханашы болып жұмыс істесе, онда ол сауықтыру жәрдемақысын алатынына назар аударамыз, өйткені Еңбек кодексінің 1 б.  1 т. 56 -т.-тармақшасына сәйкес – қоса атқарылатын жұмысжұмыскердің негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шарты жағдайында басқа тұрақты ақы төленетін жұмысты орындауы болып табылады..

Вопрос 16: Мұғалімдерге, оқытушыларға арналған сауықтыру жәрдемақысы нормативтік оқу жүктемесіне немесе нақты оқу жүктемесіне қарай есептеледі ме?

Жауап:   Азаматтық қызметшілерге (педагогтер азаматтық қызметшілер болып табылады)  еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет лауазымдық ақы мөлшерінде  төленеді (Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 139 бабы – бұдан әрі ҚРЕК).

Педагогтердің жекелеген санаттары үшін лауазымдық ақы аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады («Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 3-тармағының 2-тармақшасы).

 

№ 17 сұрақ: Еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақысы төленуі тиіс азаматтық қызметшілердің құрамына қандай білікті жұмысшылар кіреді?

Жауап: («Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді. Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес азаматтық қызметші (оның ішінде білікті жұмысшы) еңбек демалысына шыққан кезде жылына бір рет лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын алады.

        «Қостанай облысының білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 5 қосымшасына сәйкес  білікті жұмыскерлер ішінен азаматтық қызметшілерге мыналар жатады:

  • Ғимараттар мен құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы;
  • қазандық қондырғысының машинисті (оператор);
  • бас аспазшы;
  • аспазшы;
  • автокөлік жүргізушісі;
  • тәрбиешінің көмекшісі;
  • электрик;
  • ағаш шебері (балташы);
  • слесарь-сантехник;
  • кір жуу машиналарының операторы;
  • тігінші;
  • аяқ киім жөндеу шебері
  • шаштараз

18 сұрақ: 10 маусымнан 24 маусымға дейін жыл сайынғы еңбек демалысында болған қызметкер ауырып, 17 маусымнан 20 маусымға дейін еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеді. Қызметкер жұмыс берушіге осы парақты және демалысты сырқаттанған күндеріне (4 күнге) ауыстыру туралы өтініш берді. Жұмыс беруші демалысты 4 күнге, яғни 28 маусымға ұзартуға келіседі. Қызметкер осы демалыс күндерін төлеуі керек пе?

Жауап: Еңбек кодексінің 133 бабының 1 тармағына сәйкес Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті, бұл ретте осы баптың  4 т сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленбейді

           Сонымен бірге ҚР ЕК 94 б. 1 т сәйкес Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда жағдайларда және жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады. Бұл нормада басты сөз «ауыстырылады», яғни демалыс ұзартылады емес ауыстырылады дегенге наза аудару керек.  ҚР ЕК 94-бабы 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған кезеңде ауыстырылады. Тараптардың келісімі бойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жұмыс жылындағы еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.

        Осылайша, еңбекке уақытша жарамсыздыққа байланысты жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстыру кезінде бұл күндер (кейінге қалдырылған демалыс күндері) босатылады және жұмыс күндеріне ауыстырылады, тиісінше осы күндерге келген еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төленеді. Бұл ретте, ҚР ЕК-нің 115-бабы, 2-тармағы 4) т.  сәйкес демалыс күндерін кейінге қалдырғаны үшін төленген орташа жалақы, жалақыдан ұстап қалу қажет.

Сұраққа сүйене отырып, жұмыс уақыты табеліне 17-20 маусым аралығындағы күндер еңбекке уақытша жарамсыздық күндері, ал 25-28 маусым аралығындағы кезең демалыс күндері ретінде белгіленеді.

19 сұрақ: Келісімнің 5.11-тармағына сәйкес оқу жылы ішінде бірде-бір рет еңбекке уақытша жарамсыздық парағы болмаған жұмыскерге  үш күнтізбелік күн санында қосымша ақылы демалыс белгіленді. «Оқу жылы ішіндегі» мерзім мұғалім емес қызметкерге, мысалы, үй-жайларды тазалаушыға да қатысы бола ма?

       «Оқужылыішінде» мерзімі қызметкерлердіңбарлық

санаттарына жатады. 2024 күнтізбелік жылы бұл кезең: 2023 жылғы 1 қыркүйектен 2024 жылғы 25 мамырға дейін; 2025 жылы – бұл кезең 2024 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 25 мамырға дейін; 2026 жылы-бұл кезең 2025 жылғы 1 қыркүйектен 2026 жылғы 25 мамырға дейін құрайтын болады.

 

 

Орынд. Н.В.Суворова, тел: 87051710177