«Оазис» гүлдер салоны, «Жайлау» санаторийі, облыстық «Учительская плюс» апталық газеті

Құрметті біздің сайттың оқырмандары, Қостанай облысының нағыз брендтеріне айналған осы компанияларды атағанда, қандай байланыстар туындайды?

Бұл кәсібилік, сенімділік, тиімділік, сапа екеніне сенеміз.

Біз бұған іс-жүзінде көз жеткіздік. Шынында да, көптеген кәсіподақ іс-шаралары кезінде бұл ұйымдар –біздің әлеуметтік әріптестеріміз – үлкен қолдау көрсетті.

Осылайша, 2020 жылы облыстың 400-ден астам білім беру қызметкерлері жеңілдіктер немесе тегін жолдамалар бойынша «Жайлау» шипажайында демалды, олардың әрқайсысы жоғары стандарттарға сәйкес келетін білікті қызметті, бөлмелердің жайлылығын, дәмді тағамдарын, түрлі санаторлық-емдеу  және  демалыс қызметінің сан алуандығын және де қол жетімді бағаларын атап өтті. Толық және тиімді демалу үшін бұдан басқа не қажет?

«Оазис» салонының шеберлері дайындаған керемет гүл шедеврлері кез-келген салтанатты кәсіподақ рәсімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Флористердің әр жағдайда ерекше және сәнді композицияны таңдай алуы таңқаларлық.

«Учительская плюс» апталық газетінің суперкәсіби ұжымы біздің барлық іс-шараларға шеберлікпен ақпараттық қолдау көрсетеді.

Осы ұйымдардың барлығы «Үздік әлеуметтік әріптес-2020» кәсіподақ номинациясымен марапатталды.

Өтіп бара жатқан 2020 жылдағы жемісті әріптестік қатынас  үшін компаниялардың ұжымдарына шын жүректен алғысымызды және үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да әлеуметтік ынтымақтастық жалғасын табады деген сенеміз.

Сіздерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен жақсылық, тұрақтылық пен қаржылық әл-әуқат тілеймін!