Әлеуметтік әріптестерге көмек үшін!!!
Педагогтерге апталық оқу жүктемесін бөлу мәселелері бойынша қолданыстағы НҚА түсіндіру
- Әрмұғалімгеапталықоқужүктемесінбөлудібастамасбұрын, оқу жоспарына,оқубағдарламаларынажәнепәндерді бөлуге негізделген білім беруді ұйымдастыруға арналған оқу сағаттарының жалпы санын анықтау қажет.
- «Мемлекеттікұйымдарпедагогтерініңжалақысынесептеуқағидаларынбекітутуралы» Қазақстан Республикасы Білімжәнеғылымминистрінің2020жылғы11мамырдағы№191 бұйрығына (бұдан әрі – №191бұйрық)сәйкеспедагогтердіңапталықоқу жүктемесі ұйым басшысымен білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің оң шешімі негізінде бөледі (3-тармақ).
- Оқужүктемесінбөлу «Мектепке дейінгітәрбиеменоқыту,бастауыш,негізгіорта,ортабілім беру ұйымдарында педагогикалықкеңесқызметінұйымдастырудыңжәнеонысайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекітутуралы» Қазақстан РеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің міндетін атқарушының 2008жылғы16мамырдағы№272 бұйрығының (бұдан әрі – №272бұйрық)3-тармағының 6 тармақшасына сәйкес педагогикалық кеңестің құзыретіне кіреді.
- № 191 және № 272 бұйрықтарына негізделген оқу жүктемесін бөлу кезінде жиі кездесетін қателіктер:
- Оқужүктемесінбөлупедагогикалықкеңестебарлық педагогтардың қатысуынсыз жүзеге асырылады, бұл ретте педагогикалық кеңестің құрамына білім беру ұйымының барлық педагогтері кіруі тиіс (№272 бұйрықтың 4-тармағы);
2). Білім беру ұйымы басшысының бір оқу жылына жасалған педагогикалық кеңестің құрамын бекіту туралы бұйрығы жоқ, бұл № 272 бұйрықтың 6-тармағын бұзу болып табылады;
3). Педагогикалық кеңестің шешімі орындалуға міндетті. (№ 272 бұйрық, 11 т.) Алайда, педагогикалық кеңес шешімі әрдайым орындала бермейді.
Назарымызды мынаған аударамыз: Педагогикалық кеңес шешімі дауыс берушілердің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауысы шешуші болып табылады (№272 бұйрықтың 11-т).
4). Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша хаттама шығарылады. Хаттамаға кеңес төрағасы мен хатшымен қол қояды (№272 бұйрықтың 12 т.). Бұл ретте мұндай хаттамалардың болмаған жағдайлары бар. Педагогикалық кеңестің хаттамалар кітабының беттері нөмірленіп, тігіліп, білім беру ұйымы басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі тиіс екендігіне назар аударамыз (№272 бұйрықтың 14-тармағы).
5). Білім беру ұйымының басшысы педагогикалық кеңестің оң шешімінсіз педагогтерге оқу жүктемесін өзі бөледі, бұл №191бұйрықтың3-тармағын бұзуболыптабылады.
Қызметкерлердің біріне артықшылық көрсету сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылатынына назар аударамыз. Бұл ретте, білім беру ұйымының басшысына қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру міндеті жүктелген (ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»бұйрығының 46-т).
- Педагогкеапта сайынғы максималды жүктемее 24 сағатқа қатысты. Бұл мәселенің біржақты нормативтік-құқықтық реттелуі жоқ. Бұл ретте, оқу апталық жүктемесін бөлу кезінде педагогтер аптасына жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс екенін ескеруі тиіс (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі-ҚР ЕК) 68-б, 1-т).
- Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін педагогтердің оқу жүктемесін бөлу кезінде «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде 2024 жылғы 16 қаңтарда нөмірі 316 болып тіркелген) арасында жасалған 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім(бұдан әрі-Келісім) және білім беру ұйымының Ұжымдық шарты ережелерін сақтау қажет.
1). Педагогтердің оқу жүктемесінің көлемі нормативтік заңнамада белгіленгеннен (мектептегі норма аптасына 16 сағат) аз немесе көп бөлінуі олардың жазбаша келісімімен белгіленеді (Келісімнің 2.9 т.).
2). Жұмыс берушінің оқу жүктемесін бөлу туралы бұйрығы кәсіподақ төрағасының немесе бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін есепке ала отырып жасалады (Келісіпнің 1.22 тармағы). Дәлелді пікірді алу тәртібі (Келісімге № 2 қосымша).
3). Педагогтің жаңа оқу жылына белгіленген оқу жүктемесінің көлемі еңбек шартында, оған қосымша келісім жасау арқылы көрсетілуі керек. Бұл оқу жүктемесінің көлемін тараптар өндірістік қажеттілікті қоспағанда, жұмыскердің жазбаша келісімі бойынша ғана өзгерте алады (Келісімнің 2.8 т).
Еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда еңбек шартына қосымша келісім жасау талабы ҚР ЕК 33 бабының 1 тармағында белгіленген.
- Оқу жүктемесін бөлген кезде басқа жұмысты қоса атқаратын (совместительство) педагогтерге ерекше назар аударған жөн:
Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы (ҚР ЕК 1б, 1т, 56-т). Осы анықтамаға сүйене отырып, жұмыскер қоса атқаратын жұмысқа орналасу кезде негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары туралы анықтама ұсынады (ҚР ЕК 32 б. 4 т.).Еңбек жағдайларына жұмыс уақыты кіретініне назар аударамыз, яғни берілген анықтамада педагогтің негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жұмыс кестесі болуы керек . Осы анықтамаға қарай отырып, жұмыс беруші қоса атқарылатын жұмыс қызметкері-педагогі үшін сағатты негізгі жұмыс кестесімен қатарластырмай күнделікті жұмыс кестесін бекітеді.
ҚР ЕК 71 және 68 бабына сәйкес негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс, яғни күніне 12 сағаттан артық емес.
- Мұғалімнің күнделікті жүктемесі негізгі жұмыс орны бойынша да, қоса атқарылатын жұмыс бойынша да сабақ кестесімен анықталады («Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы — бұдан әрі қағидалар).
- Апталық оқу жүктемесін білім беру ұйымы басшысына, басшы орынбасарына (мысалға орта білім беру ұйымы) «мұғалім» лауазымы бойынша (қоса атқарылатын жұмыс бойынша еңбек шарты) бөлу кезінде мыналарды ескерген жөн:
1). Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек (Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 68 б. 1 т.(бұдан әрі-ҚР ЕК). Басшы, басшының орынбасары-Жергілікті кәсіподақ мүшесінің жұмыс уақыты аптасына 36 сағатты құрайды (күніне 7 сағат 12 минут) («Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің 4-қосымшасына 1-кесте (бұдан әрі-Келісім), бұл ҚР ЕК-нің 70-бабына сәйкес келеді, оған сәйкес толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс шарттары тараптардың келісімі бойынша келісіммен, ұжымдық шартпен белгіленеді. Яғни, аптасына 4 сағатты «мұғалім» лауазымында жұмыс істеуге пайдалануға болады.
2). Білім беру қызметкерлеріне өз жұмыс уақытында лауазымдарды қоса атқаруға (совмещение) рұқсат етіледі-бұл қызметкердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы (ҚР ЕК 111-б. 2-т). Алайда, лауазымдарды қоса атқаруға басшыларға және басшының орынбасарларына рұқсат етілмейді («Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 18 қосымша, 5-т). Яғни, аптасына 36 сағатта басшы, басшының орынбасары мұғалімнің міндетін атқара алмайды.
3). Басшыға, басшы орынбасарына мұғалім міндетін атқару үшін қосымша жұмыс уақыты керек, ал мұғалім болып жұмыс істеу бұл қоса атқарылатын жұмыс болып табылады. ҚР еңбек кодексінің 1 б., 1 т. 56-т. сәйкес қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы.
Қоса атқарылған жұмыстың максималды жұмыс уақыты ҚР ЕК — нің 68-бабы 3-тармағында белгіленген-негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жұмыстың және қоса атқарылған жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 71-б. 4-т. белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан немесе аптасына 20 сағаттан аспауға тиіс.
Қоса атқарылатын жұмыс кезінде мыналарды ескерген жөн:
- орта білім беру ұйымының жұмыс режимі бескүндік (бұрын алты күндік болды)- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі «Педагогтіңжұмысуақытымендемалыс уақыты режимініңерекшеліктерінайқындауқағидаларынбекітутуралы» № 153 бұйрығы (бұл қоса атқарылатын жұмыс мүмкіндіктерін азайтады);
— оқу процесі жұмыс кестесі мен сабақ кестесі негізінде құрылады – «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрықтың 30-тармағы;
— ҚР ЕК-нің тынығу және тамақтану үшін бір үзіліске уақыт беру бөлігінің талабын сақтау қажет-кемінде 30 минут (ҚР ЕК-нің 81-бабы 1-тармағы).
— облыстағы барлық мектептер екі ауысымды емес, яғни екінші ауысымда қоса атқару жұмысы бойынша мұғалім болып жұмыс істеу әр басшы орынбасарына мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Келісімде мыналарға қол жеткізілді (2.10-тармақ): білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлеріне (директорларға, меңгерушілерге және олардың орынбасарларына) басқару органының (білім басқармасы, аудандық және қалалық білім бөлімдері) келісімі бойынша нормативтік жүктеменің 50% — дан аспайтын шегінде қоса атқару шарттарында қосымша педагогикалық жұмыс берілуі мүмкін. Өндірістік қажеттілікке байланысты (оқу жоспарын іске асыру, педагогтың уақытша болмауы) 50% — дан астам жүктемеге жол берілуі мүмкін. Көрсетілген қосымша педагогикалық жүктеме, егер осы ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер жалақының кемінде бір ставкасы көлемінде оқу жүктемесімен қамтамасыз етілген жағдайда ғана басшы қызметкерлерге беріледі.
Орынд. Н.В. Суворова, тел: 87051710177
