Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордадағы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің дәстүрлі мәдени құндылықтарын сақтау мен қорғаудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, 2026 жыл Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы алқасының шешімімен дәстүрлі құндылықтар жылы болып жарияланды. Жыл бойы отбасылық және кәсіби дәстүрлерді нығайтуға, еңбек ұжымдарының бірлігін арттыруға, сондай-ақ аға ұрпақтың еңбегі мен тәжірибесіне құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылатын болады.
Жергілікті кәсіподақтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарымен әлеуметтік желілердегі беттерден және 🌐 www.lprofedu.kz ресми сайттан оқып танысуға болады.