ұл көктем сіздерге көптеген қуанышты күндер, шаттық пен бақытты сәттер әкелсін!

Қымбатты ханымдар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы жарқын мереке күні барлық жерлерде аяулы жандарға жылы лебіздер білдіріліп жатады. Ер адамдар аналары мен әжелеріне, асыл жарлары мен әпкелеріне, қыздары мен әріптестеріне, оларды қаншалықты қадір тұтып, бағалайтынын айтуға ерекше асығады.
Өмірімізді қамқорлық пен ықыласқа толтыратын, қиын кезеңдерде бізді қолдай алатын және жаңа жетістіктерге шабыттандыратын сіздер, құрметті ханымдар.
2026 жылғы Жергілікті кәсіподақ ұйымында Дәстүрлі құндылықтар жылы ретінде атап өтілуінің де мәні бар, себебі ең маңызды дәстүрлі адами құндылықтардың — махаббаттың, өзара түсіністіктің және отбасылық бірліктің қамқоршылары әйел азаматтары.
Білім беру саласында жұмыс істейтін әйел азаматтарына ерекше алғыс білдіремін. Білім ордасының қай жерінде болсын, сыныпта және кітапханада, медбике кабинетінде және асханада, дәліздерде сіздердің еңбектеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз сезіледі.
Біздің кәсіподақ өз тарапынан әйел азаматтарын қолдауды және олардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауды жалғастыра береді.
Аяулы ханымдар!
Бұл көктем сіздерге көптеген қуанышты күндер, шаттық пен бақытты сәттер әкелсін. Жақын адамдар әрқашан жандарыңыздан табылып, шаңырақта тек махаббат, жылулық пен түсіністік орнасын деп тілеймін.
Құрметпен,
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары
қызметкерлернің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Василий Цымбалюк