«Менің балам-оқушы» фотоконкурсы

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ алқа қаулысының

2025 жылғы 03 желтоқсандағы

№ 6 хаттамасымен бекітілген.

 

 

 «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ мүшелері үшіні

«Менің балам-оқушы» фотоконкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережесі

1.1. Осы ереже «Менің балам-оқушы» фотоконкурсын (бұдан әрі — Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

1.2.  Ұйымдастырушысы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  болып табылады.

1.3. Конкурс кәсіподақ мүшелері және олардың отбасын қолдау, кәсіподақ ұйымының оң бет-бейнесін қалыптастыру және отбаслылық құндылықтарды нығайту мақсатында өткізіледі.

  1. Конкрастың мақсаты мен міндеттері

2.1. Білім беру процкесінде отбасы рөлін насихаттау.

2.2. Кәсіподақ мүшелерінің шығармашылық белсенділігін дамыту.

2.3. Корпоративтік мәдениет пен кәсіподақ бірлігін нығайту

2.4. Кәсіподақ қызметі туралы жағымды ақпараттық контент жасау.

  1. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа Жергілікті кәсіподақ мүшелері қатысады.

3.2. Қатысу реті  ерікті және тегін болып табылады.

  1. Өткізу мерзімі

4.1. Конкурс 2026 жылғы 01 ақпанан бастап 2026 жылғы 18 мамырға дейін  өткізіледі.

4.2. Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 18 мамырдан бастап 22 мамырға дейін жүргізіледі.

4.3. Қорытындылау  — 2026 жылғы «01» маусымға дейін

 

  1. Өткізу шарты мен тәртібі

5.1. Конкурсқа қатысушы баланың мектеп өмірін көрсететін  авторлық фотосуреттер қабылданады.

5.2. Бір қатысушыдан жұмыстар саны – 3 фотосуреттен артық емес.

5.3. Әр жұмысқа қысқаша сипаттама қоса беріледі (2-5 сөйлем).

5.4. Фотосуреттер электрондық нұсқада ұсынылады (JPG не PNG форматта).

5.5. Қатысушы конкурсқа жұмысты жібере отырып,:

5.6 ұсынылған материалдардың авторлығын;

5.7 дербес деректерді өңдеуге келісімін;

кәсіподақ ұйымының ресми ресурстарында конкурстық материалдарды

жариялауға келісімін растайды

 

  1. Конкурс номинациялары

«Бірге оқимыз»

«Мектептегі күндер»

«Отбасылық дәстүрлер»

«Алғашқы қоңырау»

«Жетістіктермен мақтанамыз»

(Ұйымдастыру комитеті номинациялар тізімін толықтыруға құқылы.)

  1. Бағалау критерийлері

7.1. Конкурс тақырыбына сәйкестігі.

7.2. Өзіндік ерекшелігі.

7.3. Эмоционалды айқындық.

7.4.Суретсапасы.

7.5. Сипаттаманың болуы және мазмұны

  1. Конкурс қазылар алқасы

8.1.  Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін құрамы ұйымдастырушының өкімімен бекітілетін  қазылар алқасы құрылады.

8.2. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен  ресімделеді және  түпкілікті болып табылады.

  1. Қорытындылау және марапаттау

 9.1.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

9.2. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

9.3.  Үздік жұмыстарды ресми сайтта, әлеуметтік желілерде орналастырылуы және кәсіподақ ұйымының ақпараттық материалдарын ресімдеу кезінде пайдалануы мүмкін.

  1. Қорытынды ережелер

10.1. ҰйымдастырушыосыЕрежегеөзгерістеренгізуқұқығынөзінеқалдырады.

10.2. Конкурсқа қатысу осы Ереженің шарттарымен келіскендігін білдіреді.

«Менің балам-  оқушы»

фотоконкурсы туралы  ережеге

№1 қосымша

 «Менің балам-  оқушы»  фотоконкурсына қатысу туралы

ӨТІНІМ НЫСАНЫ

  1. Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты ________________
  2. Лауазымы _______________________
  3. Жұмыс орны (ұйым атауы) ____________
  4. Кәсіподақтағы мүшелігі (ұйым атауы) ____________
  5. Байланыс телефоны _____________________
  6. Электрондық пошта ______________________
  7. Конкурстық жұмыстың тақырыбы (жұмыстар) ________________
  8. Номинация _______________________
  9. Суретке қысқаша сипаттама (2–5 сөйлем):
  10. ҰсынылғанжұмысАвторлық жұмыс болыптабылатынын және үшіншітұлғалардыңқұқықтарынбұзбайтынынрастаймын.

 

Фотоконкурс өткізу туралы Ереженің шарттарымен таныстым және келісемін.

 

Күні «___» ____ 2026 ж.

Қолы _________ /Аты -жөні/

 

 

 

 

Менің балам-  оқушы»

фотоконкурсы туралы  ережеге

2 қосымша

 

Дербес деректерді өңдеуге

КЕЛІСІМ

 

 

Мен,_________________________________________________________,

                   (аты-жөні толық)

Қазақстан Республикасының Дербес деректер туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-не менің дербес деректерімді, атап айтқанда: тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы, фотобейнелер, сондай-ақ «Менің балам – оқушы» фотобайқауына қатысу үшін берілген өзге де деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін. Келісім мына мақсаттар үшін беріледі:

— фотобайқауды ұйымдастыру және өткізуге;

— конкурстық материалдарды кәсіподақ ұйымының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастыруға;

— кәсіподақтың ақпараттық материалдарында жариялауға.

Осы келісім қол қойылған сәттенбастапжәнедербесөңдеумақсаттарына қол жеткізгенгедейін қолданылады.

 

Күні «____»_______ 2026 ж.

Қолы _________ /Т. А. Ә./