Қауіпсіздікке кім жауапты? Үздіктер таңдалды

28 сәуір 2026 жыл, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ аппаратымен «Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор жұмысының үздік тәжірибесі» атты облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқауы еңбек қауіпсіздігінің формальдылық емес, әр қызметкерге күнделікті қамқорлық екендігіне бағытталған. Мұнда еңбек жағдайларына назар аудару, жұмыс берушілердің жауапкершілігі және осы мәселелерді қадағалайтындардың кәсібилігі маңызды.

Байқау екі кезеңде — филиалдар және облыстық деңгейде өтті. Жеңімпаздар қызметтің 11 көрсеткіші бойынша анықталды.

Конкурс қорытындысы бойынша:

1 орын — Антон Климов (Лисаков техникалық колледжі)

2 орын – Ирина Макаревская («Бөбек» Аманқарағай бөбекжайы, Әулиекөл ауданы)

3 орын – Галина Галанова (Рудный қаласының № 2 гимназиясы)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және кәсіподақ сыйлығымен марапатталды.

Құттықтаймыз! Осындай мамандардың арқасында еңбекті қорғау мәселелері сенімді қолдарда -демек, әрбір қызметкер өзін қорғалғанын сезіне алады.