Құрметті Қостанай облысы білім беру саласының қызметкерлері!
Сіздерді мамыр мерекелері — Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Отан қорғаушылар күнінде біз тек әскери қызметшілерді ғана емес, сонымен қатар әртүрлі кәсіптер мен буын өкілдеріндегі барлық ер адамдарды құрметтейміз.
Құрметті ер азаматтар, сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, кәсіби табыс, амандық пен ашық аспан тілеймін!
Бейбітшілік — ертеңгі күнге деген сенімділік, тыныш еңбек, қауіпсіздік, лайықты қарттық және бақытты балалық шақ. Жеңіс күні бізге осы басты байлықты сақтау және нығайту қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Сіздердің шаңырақтарыңызда әрқашан жылулық, жақын адамдарыңыз жандарыңыздан табылып, жүректеріңізде тек тыныштық пен сенімділік орын алсын.