Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2021-2025 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасын іске асыру аясында біздің барлық бастауыш кәсіподақтарында жастар белсенділерінің ұстанымдарын нығайту, жас мамандарды кәсіби қолдауды қамтамасыз ету  бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мысалы, ағымдағы жылдың 17 ақпанында.  Арқалық қаласының Сарыөзен мектебінде жас педагогтар үшін кәсіби – тұлғалық өсу семинар-тренингі өткізілді.

Семинарды кәсіподақтың белсенді қолдауымен мектеп әкімшілігі ұйымдастырды.

Әрине, әлеуметтік серіктестердің осындай жемісті одағы: жұмыс беруші мен кәсіподақ қызметкерлердің кәсіби дамуының негізі және еңбек жетістіктерінің кепілі болып табылады.