Айжан Бекмағамбетова-Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалінің иегері атанды!

«Әулиекөл аудандық  білім қызметкерлері кәсіби одағының ұйымы»

Әулиекөл аудандық білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ филиалының төрағасы Айжан Бекмағамбетова-Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалінің иегері атанды!

ҚР ФК «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалі – кәсіподақ қозғалысын нығайту мен дамытуға, жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін марапаттау мен мадақтаудың ең жоғары нысаны.

Айжан Сапабекқызы 2015 жылдан бері басқарып келе жатқан Әулиекөл аудандық кәсіподақ ұйымы – ең көп және белсенді дамып келе жатқан ұйымдардың бірі. Филиалдар қызметінің тиімділігін рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша, бұл іс жүзінде барлық кәсіподақ жұмысының көрсеткіші болып табылады, Әулиекөл филиалы аудандар арасында сенімді бірінші орынға ие. Әрине, бұл оның төрайымы Айжан Бекмағамбетованың сіңірген еңбегі.

Жергілікті кәсіподақ ұжымы Айжан Сапабекқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық, амандық, барлық қолға алған істері мен бастамаларына одан әрі табыстар тілейді!

Айжан Сапабекқызы, жұмыскерлерге өте қажетті әрі адал еңбегіңіз үшін рахмет!