Айжан Сапабекқызын кәсіподақ төрайымы ретінде сайлануымен құттықтаймыз!

Жергілікті білім беру кәсіподағының төрағасы Василий #Цымбалюк пен Әулиекөл ауданының білім бөлімінің басшысы Досбол #Құсайыновтың қатысуымен «Әулиекөл аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының ұйымы» филиалының есептік-сайлау конференциясы өтті.
Конференция делегаттарын құттықтау сөзінде Василий Александрович Әулиекөл филиалы облыстағы ең ірі және табысты филиалдардың бірі екенін атап өтті.
Филиалдар қызметінің тиімділігін рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша Әулиекөл филиалы екі рет жиырма бірден екінші орынды иеленді, ал 2022 жылы рейтингтің жоғарғы қатарына көтерілді.
Соңғы үш жылда Әулиекөл ауданындағы филиал өзінің бірде-бір кәсіподақ мүшесінен айырылмай, қайта кәсіподақ қатарын үш жүз жаңа мүшелермен толықтырды. Бұл филиалдың кәсіподақ мүшелігін ынталандыру бойынша, оның ішінде заңгерлік, әлеуметтік, материалдық және өзге де көмек көрсету арқылы сауатты жүргізген жұмысының нәтижесі.
– Әулиекөл ауданының білім беру ұйымдарында 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің нормалары, оның ішінде 16 сағат көлемінде мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогтарға және т. б. жұмыс уақытын белгілеу бөлігі толық көлемде іске асырылды, – деп атап өте отырып, жергілікті кәсіподақ төрағасы білім бөлімінің басшысы Досбол Төлеуқанұлы Құсайыновқа және Әулиекөл ауданының білім беру ұйымдары басшыларының әрқайсысына, яғни біздің әлеуметтік әріптестерімізге ерекше алғысын білдіріп, 2024-2026 жылдарға арналған жаңадан жасалған Келісімнің алдыңғы редакциямен салыстырғанда 78 жаңа норма, ал 44-е өзгерістер енгізілгенін, сондай-ақ олардың да толық іске асырылатынына сенім білдірді.
Есептік-сайлау конференциясының қорытындысы бойынша бірауыздан ашық дауыс беру арқылы Әулиекөл аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Айжан Бекмағамбетова сайланды.
Айжан Сапабекқызын кәсіподақ төрайымы ретінде сайлануымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім беру саласы қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау бағытындағы жұмысына табыс тілейміз!🌷🌷