Алдағы уақытта да жұмыстарыңыз нәтижелі де тиімді болсын демекпіз!

Рудный қаласында Жергілікті білім беру кәсіподағы ұйымдастырған қоғамдық бақылаудан бірінші болып №10 мектеп – гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымы өтті. Және лайықты өтті!
Қоғамдық бақылау тобы Облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің ережелерін, сондай-ақ ұйымның ұжымдық шартының нормаларын сақтауға ерекше назар аударды.
Рудный қаласының №10 мектеп-гимназиясының ұжымын құттықтаймыз және әлеуметтік әріптестеріміз: басшы Әлия Сайынқызы Мунтаеваға және бастауыш кәсіподақ төрайымы Екатерина Ивановна Перебийносқа алғысымызды білдіреміз.
Алдағы уақытта да жұмыстарыңыз нәтижелі де тиімді болсын демекпіз!