Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына орай ұйымдастырылған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясын бастап берді.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен және тікелей еңбек ұжымдарымен кездесулердің мұндай форматының маңыздылығын атап өтті.

«Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы – бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін күшейту мүмкіндігі. Біз сіздермен бірге дайындайтын ұсыныстарды заңнамалық тұрғыдан бастама етіп көтеру үшін ҚРКФ-ның Мәжіліс депутаттарымен өзара тығыз әрекеті барлық деңгейде жүретін болады. Кәсіподақтың әрбір мүшесі өзін толғандыратын мәселелер болашақта заңнамалық шешімдерде көрініс табуы үшін оларды біздің елдің жоғары өкілді органы деңгейіне жеткізуі маңызды», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ мүшелерімен кездесу барысында жалақы мөлшері, еңбек жағдайлары туралы сұрады және білім саласы қызметкерлерін толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктер және жалақыға қатысты болды.

Сатыбалды Дәулеталин ең төменгі жалақыға қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, кездесуге қатысушыларға Кәсіподақтар федерациясы жалақыны біртіндеп көтеру қажеттілігі туралы нақты ұстанымды қорғайтынын айтты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева жаңа форматтағы кездесулердің өнімділігі туралы өз пікірін білдіріп, Кәсіподақтар Федерациясының Еңбек Адамын қолдауға бағытталған барлық жобаларының маңыздылығын атап өтті.

Жұмысшылардың мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі Қостанай облысындағы Аумақтық кәсіподақтар орталығының төрайымы Ирина Аронованың сөзінде атап өтілді.

Виртуалды кездесу барысында колледж директоры Ғалия Оразымбетова мен Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуаныш Жаркенов колледжде онлайн тур өткізіп, білім беру мекемесінің жұмысы туралы әңгімеледі.

Қуаныш Жаркенов өз кезегінде бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы мен мекемедегі ұжымдық шарттың ерекшеліктеріне тоқталды.

Қатысушылар Қостанай облысындағы білім және ғылым саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақтың кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғаудағы үлкен үлесін атап өтті.

Қостанай облысындағы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Василий Цымбалюк жаңа келісімнің негізгі түзетулеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу соңында ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық келісімде көрсетілген шараларды жоғары бағалады және бұл озық тәжірибені өзге әріптестерімен бөлісуге шақырды.