Арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғаныш құралдарын беру кезіндегі еңбек даулары (өз бетінше зерделеу үшін)

Келісім комиссиясы. Еңбек заңнамасының негіздері.

(«Қостанай облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Суворова Нина Владимировна; байланыс телефоны: 54-10-44, сот 87051710177)

Тақырып 2. Арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғаныш құралдарын беру кезіндегі еңбек даулары (өз бетінше зерделеу үшін)

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі-ҚР ЕК) 1-бабына сәйкес:

4 т.) арнайы киім – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары;

5 т.) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

38 т.) жеке қорғаныш құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;

49 т.) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

54 т.) қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау қағидалары сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері жұмыскердің өндірістік жарақаттануына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не қайтыс болуы орын алатын еңбек жағдайлары.

ҚР ЕК-нің 181-бабына сәйкес қызметкер құқылы:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге;

3) жұмыс беруші жұмыскерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

4) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, орын алған кәсіптік тәуекел туралы, сондай-ақ оны зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы анық ақпарат алуға;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта жалақысының сақталуына құқығы бар.

 Жұмыскер міндетті:

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға;
  • жұмыскерлердің әрбір өндірістік жарақаты және денсаулығының өзге де зақымдануы, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ахуал туралы жұмыс берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға дереу хабарлауға;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден, сондай-ақ ауысым алдындағы және өзге де медициналық куәландырудан өтуге;
  • жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауысқан кезде профилактикалық медициналық қарап тексеруден өтуге;
  • мүгедектіктің белгіленгені немесе денсаулық жағдайының еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретіндей өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
  • жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын мүлтіксіз қолдануға және оларды мақсат бойынша пайдалануға;
  • мемлекеттік еңбек инспекторының, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың, ішкі бақылау мамандарының талаптарын және медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын орындауға;
  • жұмыс беруші айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудан, нұсқау алудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті.

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің 8.1.4-тармағының негізінде жұмыс беруші кәсіптер мен лауазымдар тізбесіне сәйкес жұмыскерлерді арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге және жұмыскерлерді нормаларға сәйкес және келісілген тізбе бойынша сабынмен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен тегін қамтамасыз етуге міндетті (Келісімнің 8.1.16-тармағы).

 

 

Арнайы киіммен, аяқ киіммен және өзге де жеке қорғану құрадарымен тегін қамтамасыз етілуге тиісті лауазымдар мен кәсіптер тізбесі

 

Р. № Кәсіп және лауазым Арнайы киім, арнайы аяқ киім және ЖҚҚ Бір жылға берілетін норма (бірлік, комплект)
1. Кітапханашы Мақтамата халат (кітап қоймасындағы жұмысқа арналған) 1
2. Гардероб жұмысшысы Мақтамата халат 1
3. Аула сыпырушы Мақтамата костюм 1
Кеудешелі мақтамата фартук 1
Құрап жасалған қолғап 6 жұп
Қыста қосымша:
Жылы астарлы күртеше 1 – 2.5 жылға
Пима 1 жұп – 3 жылға
Пима кебісі 1 жұп  – 2 жылға
Жылдың басқа мезгілінде қосымша:
Ылғал өткізбейтін плащ

 

1 – 3 жылға
4. Лаборант (зертханашы) Химиялық зертханада қамтылғанда:
Мақтамата халат 1 – 1.5 жылға
Кеудешелі резеңкелі фартук Кезекші
Резеңке қолғап Кезекші
Қорғану көзілдірігі Тозығы жеткенше
Физикалық зертханада қамтылғанда:
Диэлектрлық қолғап Кезекші
Қысымды  көрсету (сілтеме) орны Кезекші
Изоляцияланған сабы бар инструмент Кезекші
Диэлектрлі төсеніш Кезекші
5. Өндірістік оқыту шебері (еңбек жөніндегі нұсқаушы), құрал-жабдық жөніндегі инженер Мақтамата халат 1
Берет 1
Құрап жасалған қолғап 2 жұп
Қорғану көзілдірігі Тозығы жеткенше
6. Қазандық операторы Мақтамата комбинезон 1
Қайыс аяқ киім (ботинка) 1
7. Бас аспазшы, аспазшы Мақтамата костюм 1
Мақтамата алжапқыш 1
Мақтамата бас киім (қалпақ) 1
Қайыс аяқ киім (ботинка) 1 жұп
8. Ыдыс жуушы

(асхана жұмысшысы)

 

Клеенкалы фартук 1
Резеңке етік 1 жұп
Резеңке қолғап 1 жұп
9. Слесарь-жөндеуші Мақтамата күртеше 1 – 9 айға
Құрап жасалған қолғап 12 жұп
10. Ғимараттар мен құрылғыларға қызмет көрсетуші жұмысшы Канализация жүйесі мен ассенизаторлық құрылғыларды жөндеу жөніндегі жұмыстарды  атқарғанда
Брезент костюм 1 – 1.5 жылға
Резеңке етік 1 жұп
Құрап жасалған қолғап 6 жұп
Резеңке қолғап Кезекші
Шлангты газқағар Кезекші
Сыртқы жұмыстарда қыста қосымша:
Астары жылы күртеше 1 – 2.5 жылға
Астары жылы шалбар 1 – 2.5 жылғы
11. Қарауылшы Сыртқы жұмыстарда қамтылғанда:
Вискоз-лавсан костюм 1
Ылғалға бекем мақтамата плащ Кезекші
Қысқа тон Кезекші
Пима Кезекші
12. Қызметтік және өндірістік бөлмелерді тазалаушы Мақтамата халат

вискозды-лавсан костюмі

1

1

Құрап жасалған қолғап 6 жұп
Еден және жалпы пайдаланылатын орындарды жуғанда:
Резеңке етік 1 жұп
Резеңке перчатка 2 жұп
13. Электроқұрылғылар мен жабдықтарды жөндеуші электромонтер Мақтамата жартылай комбинизон 1
Диэлектр перчатка Кезекші
Диэлектр кебіс Кезекші
14. Дәрігер Мақтамата ақ халат 1 – 12 айға
15. Медбике Мақтамата ақ халат 1 – 12 айға
16. Санитар Мақтамата  халат 1 – 12 айға
17. Тәрбиешінің көмекшісі Мақтамата  халат 1 – 12 айға

 

Қызметкерлерге тазалағыш және залалсыздандыру заттарын тегін беру нормалары,  оларды тарату шарттары

Р. № Тазалағыш және залалсыздандыру заттарының  түрлері Жұмыс пен өнідірстік фактор  түрлері 1 айға берілетін норма
1. Сабын

 

Ластанумен байланысты жұмысты 500г
2. Гидрофильдік әсер беруші қолға арналған қорғаныш крем Органикалық еріткіштермен жұмыс жасағанда 800 г
3. Қол арналған тазалаушы паста Техникалық майлар, майлы күйе, лак және сыр, смола, мұнай өнімдерімен жұмыс жасағанда 100 мл
4. Қолдың бүлінуін қалпына келтіретін крем Қатты, қиын жуылатын ластану; майлар, мұнай өнімдері, лактар, сырлар, смола, желімдегіш, битум, силикон заттарымен;

қалпына келетін химиялық  заттармен жұмыс жасағанда

200 мл

 

 

 

100 мл

  

Сабын, тазалағыш және залалсыздандыру заттарын

тегін алу құқығына ие жұмыстар мен кәсіптер

Т І З Б Е С І

Р. № Лауазымның атауы
1. Аға аспазшы, аспазшы
2. Қызметтік бөлмелерді тазалаушы
3. Сабақ уақытында  жұмысы қолдың ластануымен байланысты мұғалім, оқытушы,
4. Аула тазалаушы
5. Слесарь-сантехник
6. Слесарь-электрик
7. Медбике
8 Дәрігер
9 Зертханашы
10. Қазандық операторы
11. Тәрбиешінің көмекшісі
12 Қосалқы жұмысшы
13 Кешенді қызмет көрсету және ғимаратты жөндеу бойынша жұмысшы
14 Жүк тиеуші
15 Кітапханашы
16 Қоймашы
17 Сабақ уақытында  жұмысы қолдың ластануымен байланысты өндірістік оқыту шебері

 

Мүмкін еңбек дауының мысалы: Өндірістік оқыту шебері оған берет (бас киім) берілмеуіне байланысты жұмысқа кірісуден бас тартты. Жұмыс беруші шеберге негізгі жеке қорғаныс құралдары: халат, қолғап және көзілдірік берілді деп санайды және жұмыс уақыты табелінде шебердің жоқтығын тіркеді.