Ашықтық пен айқындық –кәсіподақтың маңызды басымдылығы

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  төрағасы Василий Александрович Цымбалюктің сұхбаты

Ашықтық пен айқындық –кәсіподақтың маңызды басымдылығы

Василий Александрович, Сіз Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы төрағасының жаңа лауазымындағы жүз күндік межені еңсердіңіз, осыған дейін білім басқармасын  басқарған едіңіз. Айырмашылық сезіле ме?

Әрине айырмашылық бар. Егер мен бұрын шешім қабылдаудың басында тұрсам, бүгін, былайша айтқанда «баррикаданың екінші жағына» ауыса отырып, осы шешімдерді орындаушылардың, яғни білім саласындағы еңбек ұжымының, қызметкерлерінің мүддесін білдіремін. Алайда, кәсіподақ өмірі ішкі жағынан маған жақсы таныс, бір кездері салалық кәсіподақ ұйымының аудандық филиалын басқарған болатынмын.

Тағы бір үлкен айырмашылық –басқару жүйесінің өзінде. Мемлекет органында басшылық ең алдымен дара басшылық қағидасын болжайды, ал кәсіподақ бірлестігінің негізгі қағидаттары алқалық, бірлік және практикалық ынтымақтастық болып табылады.

Тиісінше, күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша шешімдер сайланбалы органдар тетігі арқылы бірлесіп қабылданады, оның бірі облыстық кәсіподақ комитеті. Кәсіподақ комитетінің құрамына филиалдарының және кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының тәжірибелі төрағалары да, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері де кіреді.

Жаңа қызметімдегі жұмысымның алғашқы күндерінен бастап кәсіподақ комитетінің отырысы аясында жоспарлауға түзетулер енгізілді, кәсіподақ бюджетін одан әрі дамыту мен жұмсаудың басым бағыттары анықталды.

Жергілікті кәсіподақ  мүшелігімен білім саласының қанша қазметкері қамтылған?

Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы – облыстың көп санды кәсіподақ ұйымдарының бірі.

Бүгін таңда кәсіподақ қатарын 19 өңірлік филиалдар мен өкілдер, 697 бастауыш кәсіподақ, жалпы алғанда 32 мың кәсіподақ мүшелері құрайды.

Әлеуметтік желілердегі сіздердің жарияланымдарыңызды  қарап, Еңбек адамын  қолдауда кәсіподақпен бірнеше іс-шаралар ұйымдастырғанын көруге болады.  Солар жайында нақты айтып өтсеңіз.

Кәсіподақтың сөзсіз және басты міндеті –Еңбек адамына әлеуметтік қолдау көрсету. Және де, расымен де бізбен осы бағытта  бір қатар нақты қадамдар жасалды.

Сондай-ақ, отбасыларында үш және одан да көп мектеп жасындағы балалары бар және тек бір ғана компьютер бар мұғалімдер мәселесі біздің назарымыздан тыс қалмады, бұндай жағдай қашықтықтан оқытуда өте қиын. Осыған байланысты Жергілікті кәсіподақпен 53 көп балалалы педагогтар отбасы компьютермен қамтамасыз етілді.

Күздің  алғашқы күні COVID-19 ауруының ауыр түріне шалдыққан және ұзақ уақыт оңалтуды  қажет ететін білім саласының 51 қызметкері облыстық кәсіподақ бюджеті есебінен «Жайлау» шипажайында өздерінің денсаулықтарын тегін түзетті. Оңалту бағдарламасында тек экотерапия ғана емес, сондай-ақ емдік процедуралардың барлық спектрі бар.

Қазіргі уақытта күзгі демалыста облыстың білім беру ұйымдарынан тағы 36 қызметкер санаториялық қалпына келтірумен қамтылады. Әзірше, акция осы жылдың желтоқсан айына дейін әрекет етеді, қажет болған жағдайда оның ұзартылу мәселесін қарастырамыз.

Біз жас қостанайлықтардың бірнеше буынына өз білімін,  тәжірибесін, жан-дүниесін салған білім беру саласының ардагерлеріне қолдау көрсетпей тұра алмадық. Барлығы облыс бойынша 4,6 мыңнан астам ардагерлер бар және Халықаралық қарттар күні олардың әрқайсысына кәсіподақ күшімен көңіл бөлінді.

Облыстық кәсіподақ комитетімен осы жылдың даңқты мерейтойы – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған «Педагог –Жеңіс құрдасы» акциясы ұйымдастырылды. 1945  жылы туған барлық педагогтарға, ал олар  облыс бойынша 78 адам, алғыс хат және 10 мың теңге көлемінде кәсіподақ сыйақысы табысталды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде «Білім тұлғалары: педагог –Жеңіс құрдасы!» атты рубрикасы шығарылды,   онда отандық педагогиканың бастауында тұрған және жеңіспен бірге дамығандардың таңғажайып еңбек өмірі туралы айтылады.  Айта кету керек, бұл оң қоғамдық резонанс тудырды.

Еңбек күні бірінші рет облыс деңгейіндегі көп жылдық еңбегі үшін техникалық және қызмет көрсету персоналы қатарынан білім беру ұйымдарының қызметкерлері 25 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы және грамоталармен марапатталды. Осындай іс-шаралар жер-жерлерде ұйымдастырылды. Бірлестік филиалдары және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қаражатынан негізделе отырып, барлығы 500-ге жуық қызметкер-«көрінбейтін майдан жауынгерлері» атап өтілді, олардың күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында сауатты және қауіпсіз жағдайлар қамтамасыз етіліп, бүкіл жүйеміз қалыпты жұмыс істейді.

Бұл бастама өз жалғасын тауып, жаңа тамаша кәсіподақ дәстүріне айналатынына сенімдімін.

Педагогтердің басты мерекесі –Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағымен осы жылы жоғары білім нәтижесін көрсеткен табысты педагогтарға кәсіподақ грамотасы мен санаторийге жолдама табысталды.  Кәсіподақтар күні  кәсіподақ көшбасшысылары мен қазынашылары грамотамен марапатталып, шипажайға жолдама берілді.

Қайырымдылық көмек көрсету –сондай-ақ кәсіподақтың дәстүрлі ажырымас бөлігі. Тамыз айынан бастап мұқтаж кәсіподақ мүшелеріне 2,5 млн. теңгеден астам сомада материалдық көмек көрсетілді.

Біздің барлық бастамаларымызды жергілікті жердегі филиалдар және өкілдер, бастауыш кәсіподақтары қолдайтыны маңызды.Тек осылай – мақсат пен іс-әрекет бірлігімен – әділдік пен дамуға-бұл ҚР кәсіподақтар Федерациясы қызметінің 2025 жылға  дейінгі жаңартылған стратегиясының басты месседжі.

Кәсіподақ қызметкерлерге құқықтық көмек көрсету үшін шақырылған. Осы міндет қалай жүзеге асырылуда?

Әрине кәсіподақ күндері – кәсіподақ мүшелеріне құқықтық қолдау көрсету бойынша күнделікті қажырлы еңбегі.

Кәсіподақ көшбасшыларының құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, еңбек қатынастары мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу үшін біз жалпыға бірдей құқықтық оқу мектебінің қызметіне бастамашылық еттік.

Тамыз айынан бастап қашықтық  форматта 8 отырыс өткізілді. Көптеген өзекті мәселелер, соның ішінде жалақыны есептеу ережелеріне, оны төлеу тәртібі мен мерзіміне, магистратураға қосымша ақыға, тәлімгерлікке, педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесін және т.б. қатысты мәселелер қарастырылды.

Кәсіподақтар мен ұйымдар басшыларының құқықтарын, міндеттерін түсіндіруге ерекше назар аударылды: әлеуметтік диалогқа  қатысушылардың әрқайсысы құзыреттілік аумағының шекараларын анық көруі керек.

Ал қазан айынан бастап біз заң консултацияларын әлеуметтік желелерде қатар  өткізуге шешім қабыдадық. Бүгінде әлеуметтік желілер –бұл ақпаратты ілгерілетудің, ашықтық, айқындық және «кері байланысты» қамтамасыз етудің мықты құралы. Және бұны қолданбау жөнсіз.

Жергілікті білім және ғылым ұйымдары қызметкерлері кәсіподағының Instagram және Facebook ресми аккаунттары ашылды. Қазірдің өзінде тірі диалог құрылатын өзінің мақсатты аудиториясы бар.  Және де, бұл тек кәсіби көшбасшылар ғана емес, сонымен қатар кәсіподақтың қарапайым мүшелері, сондай-ақ біздің әлеуметтік серіктес-жұмыс берушілер.

Мысалы,  біздің Instagram-дағы жарияланымдарымызды бірегей ашып қараушылар саны 8 мың адамға  жетеді, ал бұл біздің кәсіподақтың әрбір төртінші мүшесі. Тек қазан айының өзінде әлеуметтік желілер арқылы бізге 112 өтініш келіп түсті. Барлығы түрлі байланыс арналары арқылы тамыз айынан бастап біздің мекенжайымызға кәсіподақ мүшелерінен 183 өтініш келіп түсті. Олардың әрқайсысы бойынша тиісті, негізінен түсіндіру спипатында жұмыстар жүргізілді. Бұл арада 11 өтініш бойынша қызметкерлердің еңбек құқығының бұзылуына жол берілгені және кәсіподақтың араласуынан кейін құқық бұзушылықтың жойылғанын атап өтпеске болмайды.

Қазіргі уақытта сайт жаңартылуда,ол сонымен қатар кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру және ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ететін коммуникативтік виртуалды алаңдарының біріне айналады.

Бүгінгі күні басшылыққа алған жұмыстарыңыз және болашаққа жоспарыңыз қандай?

Биылғы жылы 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік келісімнің қолдану мерзімі аяқталады. Осыған байланысты әлеуметтік серіктестік тараптары – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы және білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы келесі үш жылдыққа келісім жобасын әзірлеу үшін тиісті комиссия құрды. Жаңа келісім бірлестіктің филиалдары мен өкілдіктерінің, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып жасалады, бұл өз кезегінде жаңартылатын ұжымдық шарттардың әлеуметтік пакетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кәсіподақтың әр мүшесінің пікірін ескере отырып, 2021 жылға арналған кәсіподақ қызметін жоспарлау белсенді түрде әзірленуде. Айқындықты қамтамсыз етудің тағы бір жақсы тетігі  келесі жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын қоғамдық талқылау болады.

Әрине, кәсіподақ жұмысының негізгі бағыты еңбек қатынастарын, жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін шешуге бағытталған. Міндетті түрде нақты әдістер мен құралдарды пайдалана отырып құқықытық оқу бойынша жұмысты жалғастырамыз. Кәсіподақ жастары мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлері де  тыс қалмайды. ҚР Кәсіподақ Федерациясының  жарлығы бойынша 2021 жыл бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп жариялануына байланысты бастауыш ұйымдарды дамытуға баса назар аударылатын болады. ҚР КФ төрағасы Сатыбалды Даулеталин атап өткендей: «Заманауи кәсіподақ – формализмнен, бір реттік және «шулы» әрекеттерден бас тартып, тиімділіктің нақты көрсеткіштері бар шаралар жиынтығының пайдасына көшу керек». Бұл дұрыс тәсіл.

«Жүрген адам жол озады» – дегендей.  Біздің алғашқы жүз қадамымыз дұрыс бағытта жасалып, одан әрі қарайғы қадамдарымыз білім саласының қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік мүдделерін қорғауға  және жалпы кәсіподақ міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыруға бағытталған деп ойлаймын.

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының

                         ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ

 8(7142)542644

8(7142)541044)

  lprofedu@mail.ru

profcoyuz_obrazovanie

 tsimbaliuk.v.a