Қазақстан халқының бірлігі мерекесiмен

 

Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді Қазақстан  халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке әрқайсымызға жақын әрі түсінікті басты құндылықтарға арналған: достық пен ұйымшылдық, өзара сыйластық пен қолдау. Уақыт өте келе халқымыз бұл дәстүрлерді бәрінен де жоғары бағалаған, өйткені олар тек бірлік пен келісімде ғана барлық қиындықтарды еңсеріп, алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге болатынын түсінді. Біз тек бірге ғана алдағы күнді жақсарта аламыз.

Ал біздің Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы бірлік және ұйымшылдықпен, кәсіподақ бастамаларының әрқайсысы білім саласы қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерін тек әлеуметтік қолдау,  еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге бағытталған жалпы түсінік арқылы нығайтылады.

Аурудың түрлерін ескере отырып, қызметкерлерді сауықтыру ұйымдастырылды. 2021 жылы жергілікті білім беру кәсіподағы шипажайлық-курорттық емделумен 600 кәсіподақ мүшесін қамтыды, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен екі есе артық (2020 жыл – 263), биыл біз кәсіподақтың кемінде мың мүшесін сауықтыру міндетін қойып отырмыз, бұл ретте шипажайлық-курорттық емделу географиясы кеңейтілді.

«Мейірім» қайырымдылық және әлеуметтік көмек кәсіподақ қоры жұмыс істеген жыл ішінде кәсіподақ мүшелеріне жалпы сомасы 6 млн. теңгеге жуық материалдық көмек көрсетті. Ал мұқтаж жұмысшыларға мақсатты қолдау көрсету жалғасады.

Құрметті әріптестер, осы мерекелік күнде Сізге, сіздердің туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық пен ұзақ өмір, игілік пен бейбітшілік, тұрақтылық пен бақ-береке тілеймін!

Әр үйде, әр отбасында келісім мен өзара түсіністік, бақыт пен жайлылық атмосферасы патшалық етсін!

 Жүрегімізді достық пен келісім, бірлік пен ынтымақтастық біріктірсін!

Мереке құтты болсын!

 

 Құрметпен,

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

төрағасы  Василий Цымбалюк