Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен

Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ең жылы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Егемен Қазақстанның тарихы отыз жылдан астам уақытты құрайды, бірақ осы қысқа мерзім ішінде біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда елеулі табыстарға қол жеткізіп, әлемдік аренада лайықты құрмет пен беделге ие болды.

Әрбір жетістіктің артында алға қойған мақсаттарына ұмтылатын және өз істерімен жандырып, жандандыратын адал, еңбекқор, жоғары кәсіби білікті адамдар тұр. Дегенмен, үлкен елдің жетістігі шағын жеңістерден, оның азаматтарының нақты жетістіктерінен тұрады.

Қостанайлық педагогтар, біздің кәсіподақ бірлестігінің мүшелері Ұлы жерлестер Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың және басқа да көрнекті ағартушылардың даңқты істерін абыроймен жалғастыра отырып, мемлекеттің дамуына маңызды үлес қосып, адал еңбегімен және талантымен табысқа жетуде.

«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Жахонгир Гаппаровты «Үздік педагог-2023» республикалық байқауындағы жеңісімен; «Үздік дене шынықтыру педагогі-2023» республикалық конкурсының Гран-при жүлдесін жеңіп алған Нұрбол Абдигалиевті (Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия -интернаты), «Үздік кітапханашы» бірінші республикалық конкурсының  жеңімпазы Жітіқара қ. №4 мектеп кітапханашысы Римма Егорованы; авторлық бағдарламалары елімізде үздік деп танылған Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының педагогі Гүлмира Тасанованы және Рудный қаласының №12 б/б меңгерушісі Людмила Ишбулатованы, студенттері WorldSkills ұлттық конкурсының қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен Қостанай автомобиль көлігі колледждерінің, қызмет көрсету саласының педагогтерін тағы да құттықтағым келеді. Жайлы және шығармашылық білім беру ортасын құруға барынша күш жігерін салып жатқан ұйымдардың басшылары-біздің әлеуметтік әріптестерімізге алғысымды білдіремін.

Құрметті әріптестер!

Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық мол бақыт, ұзақ ғұмыр және жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін.

Сіздердің отбастарыңызға және ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына бірлік, бейбітшілік пен амандық тілеймін!

 

Құрметпен,

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ

 В. А. Цымбалюк