Балалар – махаббаттың, шабыт пен мақтаныштың сарқылмас қайнар көзі, біздің бақытты бүгініміз және сенімді жарқын болашағымыз!
Ересектердің міндеті – балалық шақты қорғау және жан-жақты қолдау. Бұл 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасының басты идеясы.
Ал бүгін, Халықаралық балалар күні, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы 2021-2022 оқу жылындағы халықаралық және республикалық конкурстардың, жарыстардың, олимпиадалардың (күндізгі форматтағы) жеңімпаздары – кәсіподақ мүшелерінің балалары болып табылатын «Біздің жарқын болашағымыз!» атты жаңа акциясын бастайды.
Акция аясында біздің Instagram аккаунтымыздың беттерінде балалардың әрқайсысының жоғары жетістіктері туралы айтып береміз.
Ал жергілікті кәсіподақтан акцияға қатысушы балаларға ынталандыру және қолдау ретінде жазғы демалысқа сыйлық жолдамалары береді!
Міне, олардың есімдері! Үздіктердің үздігі!
Даниил Жевакин, Қостанай ауданы
Виталина Тарасенко, Б. Майлин ауданы
Сәкен Ғибрат, Арқалық қ.
Анжелика Дзюба, Арқалық қ.
Марат Абдулрахман, Арқалық қ.
Ермек Нуркабаев, Қостанай қ.
Кира Важницына, Рудный қ.
Ернур Ониртаев, Амангелді ауданы
Татьяна Дубинина, Қарасу ауданы
Диана Ахметова, Федоров ауданы
Зере Жусупбек, облыстық ұйымдары
Егор Круглов, облыстық ұйымдары
Алина Ержанова, облыстық ұйымдары
Арайлым Жанасова, облыстық ұйымдары
Аида Жанасова, облыстық ұйымдары
Дильназ Казбекова, облыстық ұйымдары.
Акцияға қатысушыларды және біздің барлық балаларымызды Халықаралық балалар күнімен және жаздың бірінші күнімен құттықтаймыз! Тамаша көңіл-күй, қуаныш пен шаттық толы тамаша жазғы демалысты тілейміз!