Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (барлық мамандықтар инженері) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Инженердің лауазымдық жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу | Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Инженердің лауазымдық ақысы
— біліктілікке (білім деңгейіне- жоғары немесе орта кәсіби); -еңбек өтіліне байланысты. 2. Инженердің жалақысы бірнеше бөліктен, атап айтқанда лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылардан тұрады.
|
1. Инженердің бір айдағы жалақысы коэффицентті базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және 1,71 (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап) арттыру коэффицентіне көбейту жолымен есептеледі және:
1) ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақы-лауазымдық ақыдан 10 % ; |
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
Жалақыдан ұстаулар
|
Лауазымдарды қоса атқару
|
Қоса атқарылатын жұмыс | Инженердің жұмыс уақыты және демалыс күндерінің саны |
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі. |
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес инженер қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару; Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады. Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы –инженер, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – зертханашы. Лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы лауазымдық ақыдан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
|
1. Инженер сондай-ақ негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шартын жасасумен қоса атқарылатын жұмысты істей алады
|
1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жергілікті кәсіподақ мүшелері-инженер үшін апталық жұмыс уақыты-аптасына 36 сағатты құрайды;
2. Негізгі еңбек демалысы күндерінің саны-30 күнтізбелік күн; 3. Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақылы еңбек демалысы күндерінің саны-3 күнтізбелік күн, егер қызметкерде оқу жылы ішінде бір рет те еңбекке жарамсыздық парағы болмаса; 4. Келісімге сәйкес демалыстың басқа түрлері. |