Бас бухгалтер, бухгалтер

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы

(Кәсіподақ мүшелері үшін буклет)

Жұмыскер (бас бухгалтер, бухгалтер) өзінің жалақысы туралы нені білу керек.

 

Жалақы Бас бухгалтер, бухгалтер лауазымдық жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты Жалақыны есептеу. Қоса атқарылатын жұмыс бойынша қызметі. Жалақы төлеу мерзімдері, жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлама
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;

2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

 

 

1. Бас бухгалтер, бухгалтердің лауазымдық ақысы

—  біліктілікке (білім деңгейі-жоғары немесе орта кәсіби)

—  еңбек өтіліне байланысты.

Бас бухгалтер, бухгалтер жалақысы бірнеше бөліктен, атап айтқанда лауазымдық жалақы, сондай-ақ ерекше еңбек жағдайы үшін  қосымша ақыдан тұрады.

 

 

1. Бас бухгалтер, бухгалтердің  бір айдағы жалақысы коэффицентті  базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және 1,71 (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап)  арттыру коэффицентіне  көбейту жолымен есептеледі және:

1)                ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы ақы-лауазымдық ақыдан 10 % ;

2) Бас бухгалтер, бухгалтер сонымен қатар негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шартын жасасумен қоса атқарылатын жұмыс істей алады

1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.

2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

 

 

 

 

 

 

Жалақыдан ұстаулар Лауазымдарды қоса атқарулар Қызмет көрсету аймағын кеңейту Бас бухгалтердің, бухгалтердің  жұмыс уақыты және демалыс күндерінің саны
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;

2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады.

3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі;

4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай:

іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы;

5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.

 ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес жүргізуші қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.

Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару;

Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады.

Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – бас бахгалтер, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – бухгалтер. Лауазымды қоса атқарғаны үшін лауазымдық ақыдан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.

 

ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес үй-жайларды жинаушы қосымша төлем бойынша қызмет көрсету аймағының кеңейту жолымен қосымша жұмысты орындай алады.

Қызмет көрсету аймағын кеңейту — жұмыскердің еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің белгіленген ұзақтығы ішінде сондай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы;

Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – бухгалтер, қосымша лауазымы – бухгалтер. Қызмет көрсету аймағын кеңейтілгені үшін қосымша ақы лауазымдық ақыдан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес  бас бухгалтер, бухгалтерлердің-Жергілікті кәсіподақ мүшелерінің апталық жұмыс уақыты – аптасына 36 сағат;

2. Негізгі еңбек дамалысының күні – 30 күнтізбелік күн;

3. Жергілікті кәсіподақ мүшелері -бас бухгалтер, бухгалтерлер үшін қосымша ақылы еңбек демалысы күндерінің саны- күнтізбелік 3 күн; сондай-ақ – 3 күнтізбелік күн, егер қызметкерде оқу жылы ішінде бір де бір рет еңбекке жарамсыздық парағы болмаса;

4.  Басқа демалыс түрлері Келісіге келісті