Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы

Кәсіподақ- бастауыш кәсіподақтан басталады.  2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы- тек бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметін жандандырып қоймай, жалпы кәсіподақтардың өзекті мәселелері мен даму перспективаларын айқындады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы аясында біздің кәсіподақ бірлестігінің атқарған жұмысының өзіндік қорытындысы шығарылды.

Айта кететін жайыт, Форум Instagram тікелей эфирінде көрсетілді, бұл 800-ден астам кәсіподақ белсенділерінің қатысуына мүмкіндік берді.

Қостанай облысы білім берудің жергілікті кәсіподағының төрағасы Василий Александрович Цымбалюк форумға қатысушыларды құттықтай отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымының бүкіл кәсіподақ жүйесін дамытудағы ерекше рөлін атап өтті, бастауыш кәсіподақ жылында жүзеге асырылып жатқан кәсіподақ бастамалары туралы айтып, бастауыш ұйымдар төрағаларының, кәсіподақ белсенділерінің, кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Форумға қатысушылар- беделді кәсіподақ жетекшілері, жас белсенділер, сенімді әлеуметтік әріптестер – қызықты жұмыстарымен, идеяларымен және озық тәжірибелерімен бөлісті.

Форум марапаттау рәсімімен жалғасты.

Кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар әріптестеріміз жоғары марапаттарға ие болды.

Кәсіподақ қозғалысының ардагері, 40 жылдай өмірін кәсіподаққа арнаған Н. А. Жданова  ҚР кәсіподақтар федерациясының  «Кәсіподақ ардагері» медалімен марапатталды.

Жергілікті кәсіподақ менеждері,  посттардың және SMM-конкурстардың авторы Ю. А. Минеева – ҚР КФ құрмет грамотасымен марапатталды.

Жангелді ауданы филиалының тәжірибелі төрайымы Ж. Қ. Темірова ҚР КФ алғыс хатымен марапатталды.

«Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы» АБК құрмет грамотасы:

Кәсіподақ белсендісі,  Қостанай педагогикалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымын ұзақ жылдар бойы табысты басқарған К. С. Жаркеновке,

Рудный қаласының №3 мектеп директоры, сенімді әлеуметтік әріптес Н. Н. Шопановаға табысталды.

Шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер, табыстар мен жеңістер тілейміз!