Бастауыш кәсіподақ ұйымының жас көшбасшысы – 2021

Бастамашыл, ашық, батыл және сауатты, түрлі ойлармен «жалындайтын» және өзгелерді де «жалындататын»…

Осы қасиеттердің барлығын қатысушылар «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жас көшбасшысы – 2021» облыстық кәсіподақ байқауында толықтай көрсетті.

Бүгін байқаудың бірінші күндізгі кезеңінде облысымыздың түрлі қалалары мен аудандарынан 10 жас белсенділері көпшілік алдында сөз сөйлеп, күрделі жағдайда дұрыс сауатты шешімдер қабылдау, жанжалды жағдайларды шешу қабілеттерімен сайысқа түсті.

Мойындау керек, байқауға қатысушылар барлық тапсырмаларды керемет орындады!

«Бастауыш кәсіподақ ұйымының жас көшбасшысы – 2021» облыстық байқауының қорытындылар бойынша қатысушылардың әрқайсысына сертификат табысталды.

Байқаудың келесі кезеңі сырттай өтеді, онда әркім өзінің кәсіподақ жұмысын жүйеде көрсетуі керек.

Қорытындылар Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні қарсаңында шығарылады.

Жас белсенділерге сәттілік, жаңа шығармашылық идеялар және олардың табысты іске асырылуын тілейміз!