Бауыржан Шәкіржанович Саутбаев – Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы!

Еліміздің тарихында алғаш рет Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында көрнекті жетістіктері мен ерекше еңбегі бар 25 ұстазға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.

Қостанай облысынан бұл жоғары құрметті атаққа Қостанай қаласының №23 ОМ директоры Бауыржан Шәкіржанұлы ие болды.

Бауыржан Шәкіржанұлы 42 жылын білім беру саласына арнады. 20 жылдан астам уақыт бойы облыс орталығының жетекші білім беру ұйымдарының бірін басқарушы, керемет ұстаз, білікті менеджер.

Оның басшылығымен мектеп табысты және жан-жақты дамып келеді.

Білім алушылар жоғары білім нәтижелерін көрсетіп, беделді конкурстар мен жоғары деңгейдегі интеллектуалдық жарыстарда жүлделі орындарға ие болады.

Мектептің волейбол командасы, «Тарлан» хореографиялық ұжымы, жас мультипликаторы мен режиссерлері бүкіл елге танымал.

Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ұжымы Бауыржан Шәкіржанұлын жоғары наградасымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, амандық және одан әрі жоғары жетістіктерге жете беруін тілейді!