Білім саласы ардагерлерінің бірінші спартакиадасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің облыстың қалалары мен аудандарында кәсіподақ спартакиадасы өтті, оған білім саласының 500-ден астам ардагері қатысты.

Осындай ауқымды спорттық жарыстарды Қостанай облысы білім беру және ғылыми ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ  ұйымы жанынан биыл құрылған облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырып отыр.

Біздің ардагерлеріміз тамаша спорттық шеберлік, ерік-жігер, мінез және нағыз бәсекеге қабілеттілікті көрсеткенін мойындауымыз керек.

Барлық қатысушылар керемет жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер  алды.

«Спартакиадаға қатыса отырып, біз өзімізді үлкен бір отбасындай сезіндік», – деп, ардагерлеріміз бірауыздан өз пікірлерін білдірді.