Біреудің бақытсыздығына ұйымшылдық пен сезімталдық танытудың мысалы!

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ алқасының атынан және өз атымнан «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағына және оның төрайымы Алма Іргебайқызы Дощановаға, сондай-ақ Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағына көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысы кәсіподақ мүшелеріне жалпы сомасы 2️⃣,5️⃣ млн теңге қаржылай көмек көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Бұл біреудің бақытсыздығына ұйымшылдық пен сезімталдық танутудың нақты мысалы!🤝
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жергілікті кәсіподақ жариялаған «Біз біргеміз» облыстық қайырымдылық акциясының белсенді қатысушылары болған бірлестігіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымдарына тағы да алғыс айтамын, оның шеңберінде «Мейірім» қайырымдылық және әлеуметтік көмектің кәсіподақ қорына 1️⃣8️⃣,6️⃣ млн теңге мөлшерінде қомақты сома аударылды.
Бұл қаражаттың барлығы зардап шеккен кәсіподақтың 3️⃣3️⃣0️⃣-дан астам мүшесіне материалдық қолдау көрсетуге бағытталды.
Құрметті әріптестер!
Табиғи апаттың осы қиын кезеңінде біз күш-қуатымыздың бірлікте екендігін және ортақ іс үшін жинала алатынымызды, қиын сәтте бір-бірімізді қолдап, көмек қолын соза алатынымызды тағы да көрсеттік.
Әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтамын!❤️
«Қостанай облысы білім және
ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
төрағасы В. А. Цымбалюк