Құрметті Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ мүшелері!
Табиғи апаттың қиын-қыстау кезеңінде әрқайсыларыңыз ұйымдастық пен бірліктің, біреудің бақытсыздығына сезімталдықтың үлгісін тағы бір рет көрсеттіңіз.
Біздің бірлестіктің көптеген мүшелері су тасқынына қарсы іс-шаралардың белсенді қатысушылары болды, олардың көпшілігі құтқару жұмыстарына қатысты. Бұл шынайы құрметке лайық!
Су тасқынынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне ерікті негізде көмек көрсету үшін жергілікті кәсіподақ жариялаған «Біз біргеміз» облыстық қайырымдылық акциясына қатысқандардың да үлесі аз емес.
Акция аясында біздің бірлестіктің бастауыш кәсіподақ ұйымдары «Мейірім» қайырымдылық және әлеуметтік көмек қорына жалпы сомасы 13 млн.328 мың 268 теңге 50 тиын ақшалай қаражат аударды.
Қостанай облысының жергілікті білім беру кәсіподағының «Мейірім» қорына «Білім» білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы да (Қарағанды облысы) шетте қалмай 200 мың теңге аударды.
Бұл қаражаттың барлығы көктемгі су тасқынына байланысты тұрғын үй, шаруашылық құрылыстары және басқа да мүліктері бүлінген кәсіподақтың 260-тан астам мүшесіне материалдық қолдау көрсету үшін бағытталатын болады.
Кәсіподақтың барлық мүшелеріне шын жүректен алғыс айтамын!
Біздің күшіміз бірлікте!
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы
В. Цымбалюк