Біздің әріптестеріміздің жоғары кәсібилігі атап көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстанның кәсіптік одақтар күніне арналған салтанатты іс-шаралар аясында «Қостанай облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен біздің әріптестеріміздің жоғары кәсібилігі лайықты атап өтілді!

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы заң клиникасының басшысы Нина Владимировна Сувороваға алғыс хат табысталды.

Нина Владимировна – аса кәсіби, сауатты, еңбек құқығының барлық қырларын талдай білетін маман.

Оның өтініш берген әрбір қызметкердің жағдайын жан-жақты түсінуге ықыласы мен дайындығы таң қалдырады және таңданадырады

Құрметті жазылушылар, сіздердің өтініштеріңіздің шексіз ағымына осы кісі жауап береді.

Нина Владимировнаның тікелей қатысуымен және мазмұндылығымен маңызды әрі  қажетті «Жалпы құқықтық білім берудің виртуалды мектебі» атты жобасы іске асырылуда.

Екатерина Анатольевна Кузнецова –Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған №2 «балабақша -мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшысы  Құрмет грамотасымен марапатталды.

Екатерина Анатольевна әлі де жас, бірақ өзіне сенімді, тәжірибелі, бастамашыл, кәсіподақтың даңқты дәстүрлерін нығайтып, көбейтіпотырған  шығармашыл кәсіподақ көшбасшы.

Құрметті әріптестер, сіздерді лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге мықты денсаулық, жемісті еңбек жылдарын, білім беру саласы қызметкерлеріне қажетті осындай еңбектің нәтижесінен жағымды эмоциялар алуды тілейміз!